jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Қазақстанда мемлекеттік қарызды басқару жөніндегі кеңес құрылды

    кеңсе
    Кеңсе. Иллюстрациялық фото: pixabay.com

    Қазақстанда консультациялық-кеңесші орган – Мемлекеттік қарызды басқару жөніндегі кеңес құрылды, деп хабарлайды Қаржы министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Министрлік жаңа органды Ұлттық банкпен және Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп құрған.

    "Бұл шешім мемлекеттік қаржы саласының тұрақтылығын қамтамасыз ету мен Қазақстанның 2025-2027 жылдарға арналған макроэкономикалық саясатының теңгерімін арттыру жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыру шеңберінде қабылданды", - делінген хабарламада.

    Кеңестің қызметі мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының ауқымдылығын, ликвидтігі мен тиімділігін арттыруға, бюджет тапшылығының алдын алу үшін мемлекеттік қарыз алу құнын төмендетіп, квазимемлекеттік сектор нарығы мен корпоративті эмитенттер үшін тиісті бенчмарктерді жолға қоятын шараларды қалыптастыруға бағытталған.

    Кеңестің негізгі міндеттері – макроэкономикалық жағдайлар мен қарыз тұрақтылығын ескере отырып, мемлекеттік қарызды басқаруға, мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын дамыту мен оларды ішкі және сыртқы нарықтарға шығару саясатын қалыптастыруға келісілген әрі ортақ тәсілдерді әзірлеуді қамтиды.

    Қазақстанда мемлекеттік қарызды басқару жөніндегі кеңес құрылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.