jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Қазақстанда алтын бағасы өсті

    Алтын
    Алтын. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Қазақстанда алтын бағасы өсіп келеді. Ұлттық банктің 5 наурыздағы деректеріне сәйкес, бір грамм алтынның құны 84 355,16 теңгеге жетті. Бұл туралы "Қазақпарат" хабарлайды.

    Ақпан айының соңында бағалы металдың құны 82 542,16 теңге болған. 

    Бұған дейін хабарланғандай, әлемдік бағалардың өсуі аясында Қазақстан алтын сатып алу көлемі бойынша әлемде екінші орынға шықты.

    2025 жылы Қазақстан 57 тонна алтын сатып алып, сатып алу көлемі бойынша дүниежүзінде екінші орынды иеленді.

    Сонымен қатар кейінгі алты жыл ішінде Қазақстан ірі алтын сатушы елдердің қатарына да енді. Осы кезеңдегі таза қысқару көлемі 44,4 тоннаны құрады. 2022-2024 жылдары Ұлттық банк резервтердің өтімділігін қолдау және әртараптандыру мақсатында 118,3 тонна алтын сатты. Ал 2025 жылы саясат өзгеріп, рекордтық бағалар мен геосаяси тұрақсыздық жағдайында ел алтын қорын қайтадан көбейтуге кірісті.

    Бұл кезеңде Қазақстаннан да көп алтын сатқан жалғыз ел –Филиппиндер – 64,8 тонна. Ірі сатушылар қатарында сондай-ақ Шри-Ланка – 19,1 тонна, Германия – 16,2 тонна, Моңғолия – 15,2 тонна және Тәжікстан – 11,9 тонна бар.

    Қазақстанда алтын бағасы өсті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.