jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды

    Ұлттық банк ғимараты. Фото
    Ұлттық банк ғимараты. Фото: nationalbank.kz

    Бүгін, 6 наурызда Ұлттық банк базалық мөлшерлемеге қатысты шешімін жариялап, көрсеткішті 18 пайыз деңгейінде сақтап қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 18,0% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады.

    Бұл шешім болжам раундының нәтижесіне, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің жаңартылған бағалауы мен инфляция тәуекелдерінің теңгеріміне сүйене отырып қабылданды", - делінген хабарламада. 

    Инфляцияның әсері

    Жылдық инфляция 2026 жылғы ақпанда болжамдарға сай келіп, 11,7 пайызға дейін төмендеген (қаңтарда – 12,2 пайыз). Инфляцияның барлық компоненті қарқынның төмендеп келе жатқанын көрсетіп отыр. Азық-түлік тауарлары бойынша бағаның өсуі 12,7 пайыз (12,9 пайыз), азық-түлікке жатпайтын тауарлар бойынша – 11,6 пайыз (11,7 пайыз), ақылы қызметтер бойынша 10,8 пайыз (12 пайыз) болған.

    "Дезинфляцияға ұстамды қатаң ақша-кредит шарттары, теңге бағамының нығаюы, кепілсіз тұтынушылық кредиттеудің баяулауы, ЕТРТ-ні кезең-кезеңімен арттыру және теңестіру операциялары арқылы артық өтімділікті қысқарту, сондай-ақ үкімет пен Ұлттық банктің инфляцияға қарсы бірлескен кешенді шараларын іске асыру ықпал етеді. Сонымен қатар инфляцияның төмендеуіне ТКҚ және ЖЖМ бағасын көтеруге қойылған мораторий де үлес қосады. ҚҚС мөлшерлемесін арттырудың инфляция динамикасына әсері шектеулі ретінде бағаланады.

    Дегенмен, айлық инфляция 2026 жылғы ақпанда жеделдеп, 1,1 пайыз, базалық инфляция ақпанда 0,8 пайыз болды.

    Халықтың алдағы бір жылға инфляциялық күтулері төмендеді (ақпанда – 13,7 пайыз), бірақ жоғары әрі құбылмалы. Нарыққа кәсіби қатысушылардың 2026 жылға инфляция бойынша ақпандағы күтулері 10,0 пайызға дейін төмендеді (қаңтарда – 10,8 пайыз)", - деп түсіндірді Ұлттық банк өкілдері.

    Әлемдік бағалардың әсері және Таяу Шығыстағы жағдай

    Ұлттық банктің мәліметінше, азық-түліктің әлемдік бағасы баяулап келеді. Сүт өнімдері мен қант бағасының төмендеуі сақталып отыр. Дәнді дақылдар мен өсімдік майының әлемдік бағасы өскені байқалған. 

    Ресей Федерациясында инфляция әлі де жоғары, таргетке жету 2027 жылы күтіледі. ЕО-да бағаның өсуі тұрақты түрде төмен болып қалып отыр. АҚШ-та инфляция ФРЖ-ның сараланған саясаты жағдайында нысанаға жақындап келеді. 

    Базалық сценарий аясында бірінші жартыжылдықта Brent маркалы мұнайдың бағасы Таяу Шығыстағы қақтығыстың өршуіне байланысты сақталып отырған жоғары бағалар аясында бұрынғы алғышарттардан уақытша жоғары болатыны болжанады.

    "Бұдан кейін әлемдегі сұраныс пен ұсыныс теңгерімінің нәтижесінде мұнай бағасы 1 баррель үшін 60 АҚШ долларына жуық деңгейге дейін біртіндеп төмендейді деп болжанады. Болжамға сәйкес, 2026 жылы баға орта есеппен 1 баррель үшін 66,3 АҚШ долларын құрап, кейінгі жылдары 60 АҚШ доллары деңгейінде тұрақталады", - делінген хабарламада.

    Бір жылға болжам

    Неғұрлым жоғары мұнай бағасын ескере отырып, 2026 жылға инфляцияның болжамы нақтыланған. Бағалардың өсуі 9,5-11,5 пайыз шегінде бағаланады. Дегенмен, Ұлттық банк үкіметпен бірлескен іс-қимылдарды іске асыру, болжамды фискалдық және квазифискалдық саясатты қамтамасыз ету, ТКҚ мен ЖЖМ-ның инфляцияның өсуіне қосатын үлесін төмендету арқасында бағаның өсуі бір мәнді деңгейге жетеді деп күтеді. 2027 жылдың қорытындысы бойынша инфляция 5,5-7,5 пайызға дейін баяулайды деп болжанып отыр. 2028 жылдың қорытындысы бойынша ол 5 пайыздық таргетке жақын қалыптасады.

    2026 жылға ЖІӨ-нің өсу болжамы 3,5-4,5 пайыз аралығында сақталған. 2025 жылғы жоғары база аясында экономикалық белсенділік 2026 және одан кейінгі жылдары бірқалыпты траекторияда дамитын болады. Фискалдық шоғырланудың және тұтынушылық кредиттеу бәсеңдеуінен ішкі сұраныс азаятын болады.

    Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты комитетінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 2026 жылғы 24 сәуірде Астана қаласының уақытымен сағат 12:00-де жарияланады.

    Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.