jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Сарапшылар: Қазақстаннан сыртқа аударылған ақша ел экономикасына түскен көлемнен үш есе көп

    ақша санап отырған қызметкер
    Ақша ұстап отырған қызметкер. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Былтыр елден шамамен 719 млрд теңге шетелге аударылды. Оның көп бөлігі екі бағытқа кетті. Ал елге түскен аударымдар айтарлықтай аз. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

    Шекарааралық ақша аударымдары – басқа елге ақша жіберу тәсілі. Оны көбінесе жеке тұлғалар туыстарына, достарына және таныстарына ақша жіберу немесе алу үшін пайдаланады.

    Telegram-дағы TENGENOMIKA арнасының мәліметі бойынша, 2025 жылдың соңына қарай шетелге жіберілген және басқа елдерден түскен аударымдар көлемінің айырмашылығы үш есеге жетті.

    Шекарааралық аударымдардың жалпы көлемі 974 млрд теңге болды. Оның 718,9 млрд теңгесі Қазақстаннан сыртқа аударылған, ал ел экономикасына 226,4 млрд теңге ғана түскен. Сонымен қатар барлық транзакциялардың 97 пайызы жеке тұлғалар арқылы өткен.

    Былтырғы орташа ақша аударымының сомасы:

    шетелге жасалған транзакция – 426 мың теңге (2024 жылы бұл көрсеткіш 372 мың теңге болған); шетелден Қазақстанға жасалған аударым – 378 мың теңге (2024 жылы 302 мың теңге).

    Ақша қайда кетіп жатыр

    Сарапшылардың мәліметінше, халықаралық ақша аударымдарының негізгі бағыттары келесі елдер:

    Ресей – шетелге жіберілген ақша аударымының жалпы көлемінің 31,3 пайызы;

    Өзбекстан – 31 пайыз;

    Түркия – 17 пайыз;

    Грузия – аударымдардың 6 пайызы;

    Қырғызстан – 3,4 пайыз.

    "Екі елге ақша ағынының 60 пайыздан астамы жіберілген. Бұл тығыз көші-қон және сауда байланыстары бар нарықтар үшін қалыпты конфигурация", - деп атап өтті дереккөз.

    Қазақстанға қай елдерден ақша түседі

    Елге келетін халықаралық ақша аударымдарының көздеріне мыналар жатады:

    Ресей – 23,8 пайыз;

    Америка Құрама Штаттары – 15,2 пайыз үлесімен екінші орынды иеленді;

    Өзбекстан – 11,3 пайыз;

    Түркия – 10,3 пайыз;

    Германия – 7,9 пайыз.

    Яғни, негізінен Қазақстаннан ақша көршілес елдерге кетіп жатыр. Ал сыртқы көздерден келетін аударымдар негізінен жұмыспен қамту және табыс деңгейі жоғары дамыған елдерден түседі.

    Сарапшылар: Қазақстаннан сыртқа аударылған ақша ел экономикасына түскен көлемнен үш есе көп

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.