jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    52 пайыздан 66 пайызға дейін: Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасының күрт өскені рас па

    Аптека
    Аптека. Иллюстрациялық фото: Jacob Wackerhausen/Getty Images

    Денсаулық сақтау министрлігі желіде дәрі-дәрмек бағасының күрт өскені туралы тараған ақпаратқа байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, Қазақстанда дәрілік заттардың бағасы күрт өсіп жатыр деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Жекелеген дәрі атаулары бойынша бағаның 52 пайыздан 66 пайызға дейін өсуі туралы мәлімет те шындыққа сай емес.

    Министрлік Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті пациенттердің қаржылық жүктемесін азайту және негізсіз үстеме бағаларды болдырмау мақсатында дәрілік заттарға шекті бағаларды қалыптастыру тетігін енгізгенін еске салды.

    "Қазіргі уақытта бөлшек сауда желісінде сатылатын 4994 сауда атауына шекті бағалар белгіленген. Бұл тізбеге жүрек-қан тамырлары жүйесі, тыныс алу ағзалары, инфекциялық ауруларды және басқа да кең таралған ауруларды емдеуде қолданылатын препараттар енгізілген.

    Фармацевтикалық қызмет субъектілері дәрілік заттарды белгіленген шекті бағадан асырмай сатуға міндетті", - делінген хабарламада.

    Ведомствоның мәліметінше, елдің 20 өңірінде жүргізілген мониторингтің нәтижесі бойынша, 2026 жылғы наурызда 2025 жылғы маусыммен салыстырғанда 631 атау бойынша баға орта есеппен 24,6 пайызға төмендегені тіркелген.

    Реттелетін сегментте дәрілік заттардың 50 пайыздан астамы тұрақты деңгейін сақтап отыр, ал препараттардың 25 пайызында баға төмендеген.

    "Сонымен қатар 1707 рецептісіз берілетін препарат мемлекеттік реттеуге жатпайды және нарық қағидаттары бойынша сатылады. Олардың ішінде 2025 жылмен салыстырғанда бағасы 5 пайыздан 15 пайызға дейін аздап өскен дәрілер бар, ал кейбір позициялар бойынша 11 пайызға дейін төмендеу байқалады.

    Мысалы, 2025 жылы 20 таблеткадан тұратын парацетамолдың бағасы 200 теңге болса, 2026 жылы таңбалау ақпараттық жүйесінің деректері бойынша 188 теңгені құрап, 6 пайызға төмендеген. Белсендірілген көмір 2025 жылы бөлшек саудада 130 теңгеден сатылса, 2026 жылы 144 теңгеге дейін өсіп, 9 пайызға қымбаттаған", - делінген хабарламада.

    Бұдан бөлек, тіркелген дәрілік заттардың 3000-нан астамы (44 пайыз) ТМККК және МӘМС шеңберінде ҚҚС-тан босатылған, оның ішінде әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеуге арналған 1200 дәрі бөлшек саудада да ҚҚС-тан босатылған.

    52 пайыздан 66 пайызға дейін: Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасының күрт өскені рас па

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.