jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Қазақстанда тұрғын үй сатылымы күрт өсті: қай қалаларда пәтерлер жоғары сұранысқа ие

    Алақандағы пәтер кілті. Көрнекі сурет
    Алақандағы пәтер кілті. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Сәуірде Қазақстанда тұрғын үй сатып алу және сату саны айтарлықтай өсті – пәтерлер мен үйлердің дені Алматы мен Астанада сатып алынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасай отырып.

    Бюро мәліметінше, 2026 жылғы сәуірде Қазақстанда тұрғын үйді алып-сату бойынша 35 154 мәміле тіркелген. 2026 жылғы наурызбен салыстырғанда (28 493) мәмілелер саны 23,4 пайызға өсті. Мәмілелер саны бойынша Алматы (6 498 – 18,5 пайыз) және Астана (6 193 – 17,6 пайыз) қалалары, сонымен қатар, Қарағанды облысы (2 841 – 8,1 пайыз) көш бастап тұр. Мәмілелер саны Ұлытау облысында ең аз – 324 мәміле (0,9 пайыз) тіркелген.

    2026 жылғы наурызбен салыстырғанда сәуірде мәмілелер санының өсуі, Атырау облысын (-5,6 пайыз) қоспағанда, барлық өңірде байқалады. Ең жоғарғы өсім Ұлытау (+55,8 пайыз), Қызылорда (+49,4 пайыз) және Абай (+45,7 пайыз) облыстарында тіркелді.

    2026 жылғы наурыз айымен салыстырғанда, көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй мәмілелер саны 21,2 пайызға (4 789 мәмілеге) өсті. 2026 жылғы сәуірде пәтерлер бойынша барлығы 27 331 мәміле жасалды, бұл мәмілелердің жалпы санының 77,7 пайызы. Көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй саудасының негізгі үлесі Астана (22,2 пайыз), Алматы (22 пайыз) қалаларына және Қарағанды облысына (8,6 пайыз) тиесілі. Бөлмелер саны бойынша 2 бөлмелі пәтерлер сатылымы басым болды – 10 204 мәміле.

    2026 жылғы наурызбен салыстырғанда сәуірде жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер саны да 31,5 пайызға (1 872 мәмілеге) өсті. Сәуірде барлығы 7 823 мәміле тіркелген. Жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер санының ең жоғарғы өсімі Солтүстік Қазақстан (+76,3 пайыз), Абай (+73,1 пайыз) және Ұлытау (+71,4 пайыз) облыстарында тіркелген. Жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер санының төмендеуі тек Алматыда (-2,2 пайыз) байқалды.

    2026 жылғы сәуірде тұрғын үйді алып-сату мәмілелері былтырғы сәуірмен салыстырғанда 4,6 пайызға азайды, ол кезде 36 839 мәміле ресімделген болатын. Мәмілелер санының ең жоғары өсімі Түркістан облысында (+41,5 пайыз) байқалды, ең үлкен төмендеу – Ұлытау облысында (-28,6 пайыз). 2026 жылғы қаңтар-сәуір айларындағы мәмілелер санын 2025 жылғы қаңтар-сәуір айларындағы мәмілелер санымен салыстырғанда 4,6 пайыз төмендеу байқалды.

    Қазақстанда тұрғын үй сатылымы күрт өсті: қай қалаларда пәтерлер жоғары сұранысқа ие

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.