jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ЖЖ
    Жанар Жансеит
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстан экономикасы жылдам дамып келе жатқан елдер тізімінде 11-ші орынға шықты

    : UGC

    Қазақстан 2015 жылғы экономикасы қарқынды дамып келе жатқан елдер тізімінде 11-ші орында. Bloomberg зерттеуінде Біздің елдің  жалпы ішкі өнімі 3%-дан асатыны көрсетілген деп хабарлайды ҚазТАГ.

    Bloomberg зерттеулеріне сай, 2015 жылы әлемдегі ең қарқынды дамып келе жатқан Қытай экономикасы екені анықталды.

    "Қытай экономикасы 7%-ға өседі (былтырғы IV тоқсанда ол көрсеткіш 7,3% болған)", - деп көрсетілген зерттеулерде.

    Зерттеулерге сай ең дамушы елдер тізімінің екінші, үшінші орындарында Филипин мен Кения тұр.

    Осы екі елдің де ЖІӨ өсуі келесі жылы 6%-дан асады. Сарапшылар мұнай бағасының арзандауынан ең басты пайда көруші бенефициар Филипин деп атап отыр.

    Кенияға келсек, онда экономикалық өсім қарқынының артуымен қатар кедейшілік пен жұмыссыздық деңгейі өте жоғары. Сондай-ақ, бірінші бестік тізіміне Үндістан мен Индонезия кіреді. Олардың ЖІӨ өсуі 5%-дан жоғары.

    Атап көрсетілгендей, рейтингтегі алғашқы бестік елдері 2015 жылы әлем экономикасының өсуінің 16%-ын қамтамасыз етеді. Африканың ең ірі экономикаларының бірі – Нигерия – 2015 жылы 4,9%-ға өседі (ол тізімдегі 6-шы көрсеткіш).

    Тез дамушы елдердің ондығына Малайзия, Перу, Тайланд және БАӘ енді. АҚШ экономикасы болжанған 3% ЖІӨ өсімімен дамушы экономикалар тізіміне енбей қалды.

    Ұлыбритания экономикасы 2015 жылы 2,6% көрсетеді. Орташа алғанда әлем экономикасы 2015 жылы 3,2%, ал 2016 жылы –3,7%-ға өспек.

    Алдыңғы екі жылда әлемдік ЖІӨ өсімі 3,3% болған. Bloomberg зерттеулерінде  барлығы 57 елдің экономикалары қамтылған.

    Қазақстан экономикасы жылдам дамып келе жатқан елдер тізімінде 11-ші орынға шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.