jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Полицейлер қазақстандықтарға жаңа айыппұл ойлап тапты

    : Getty Images

    Нұр-Сұлтанда сенат депутаттары мен полицейлер кездесті. Жиын барысында тәртіп сақшылары қазақстандықтарға жаңа айыппұл енгізу бойынша түрлі ұсыныстар айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Время" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

    Көрнекі фото: NUR.KZ
    Көрнекі фото: NUR.KZ: Getty Images

    Кездесуде жол ережесін бұзғаны үшін енгізілген баллдық жүйеден бөлек тағы да үш ұсыныс айтылды.

    Біріншіден, елордалық полицейлер тыныштық бұзу немесе үйді заңсыз түрде жалға беру сынды қандай да бір құқықбұзушылықты хабарламағаны үшін басқарушы компаниялар мен үй тұрғындарына айыппұл салу қажет екенін жеткізді.

    Құқыққорғаушылар мұндай нормалар тұрмыстық зорлық-зомбылықты азайтуға көмектеседі деп есептейді. Мәселен, ерлі-зайыптылар арасында ұрыс-керіс болғанда, учаскелік полицей осыған дейін еш арыз түспегенін анықтайды. Ал жанұяның көршілері үйдегі жанжалды бұрыннан естіп жүргенін айтады.

    Полицияда мәлімдегендей, жаңа нормалар көршілерге зорлық-зомбылыққа бей-жай қарамауды үйретеді.

    Ал екінші ұсыныс бейнебақылау камералары бар паркинг пен автотұрақтарға қатысты. Тәртіп сақшыларының ұсынысы бойынша, үйдің құрылыс салушысы бұл бөлікке қатысты полиция департаментімен келісімшарт жасасу қажет.

    Аталған норма автоұрлықтарды, машинаны айдап әкетуді және көліктердің топтап жиналуын, сондай-ақ, балаларға төнетін қауіпті азайтады деп есептейді полицейлер.

    Үшінші ұсыныс - өз мүлкінің сақталуына әкімшілік жауапкершілікке меншік иелерінің өздері тартылуы тиіс.

    Басылым бұл ұсыныстың халық қалаулылары тарапынан болғанын жазады.

    Депутат Лукин кейбір қазақстандықтар көлікті дабылсыз, саяжай мен гаражды күзетсіз тастап, автокөлік пен гараждың, саяжайдың тоналуына өздері кінәлі болады деп есептейді.

    Аталған ұсыныстардың барлығы алдымен үкіметтік емес ұйымдармен, мамандармен және басқа да депутаттармен талқыға салынады. Егер қазақстандықтар рұқсат етсе, заңнамаға енгізіледі.

    Материалды пайдалану және көшіріп басу тек "Издательство "Время" ЖШС рұқсатымен жүзеге асады.

    Полицейлер қазақстандықтарға жаңа айыппұл ойлап тапты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.