jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    ІІМ армениялық көліктерді тіркеудің екі нұсқасын ұсынды

    : Twitter

    Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде ел аумағындағы армяндық көліктер иесінің мүддесін қорғайтын белсенділердің қатысуымен кездесу өтті. Бұл жиында Қазақстанға осындай көліктерді кіргізу ережесі, оларды ел аумағында тіркеу жолдары айтылды деп хабарлайды

    KAZ.NUR.KZ.

    fdnjjj
    Көрнекі фото: pixabay.com: Twitter

    Ведомствоның ақпаратынша, Арменияның ЕАЭО-ға кірген кезде басты талаптардың бірі - жеңілдікті баж салығы бойынша елге кіргізілетін барлық автоны тек солардың аумағында ғана пайдалану болды.

    Сонымен бірге, қазақстандықтар автомобильдерді Арменияның азаматтары ретінде тіркегені және бұл нормалардың бұзылуы екендігі айтылды.

    Қазақстанда автокөліктердің одан әрі жүруі үшін бірқатар алымдар мен баждарды төленетіні ескерілмеген. Сонымен қатар, көліктердің барлығы ЕАЭО техникалық регламенттеріне сәйкес болуы керек.

    Армян нөмірі бар көлік құралдарының иелерінің мүддесін қорғаушылар техникалық регламенттерге қарамастан, қазақстандықтарды біздің елде автомобильді тіркеу үшін төленуі керек төлемдерден босатуды сұрады.

    Сонымен бірге, белсенділер осы жылдың 1 наурызынан бастап жеке тұлғаларға Армениядан автомобильдер әкелуге тыйым салуды немесе олар үшін кемінде 3 миллион теңге мөлшерінде сақтандыру мөлшерін белгілеуді ұсынды.

    Бұл үшін билік заңнамалық нормаларды ескере отырып, автомобильдерді тіркеудің өз нұсқаларын ұсынды.

    fdnjjj
    ІІМ армениялық көліктерді тіркеудің екі нұсқасын ұсынды: UGC

    Мемлекеттік органдардың өкілдері түсіндіргендей, автомобильдер қауіптіліктің жоғары көзі, сондықтан олар техникалық регламенттерге сәйкес келуі керек.

    Бұл мәселе бойынша пікірталастар жалғасатыны атап өтілді.

    Еске сала кетсек, 22 қаңтарда екі мыңға жуық армениялық көліктің өз еліне қайтарылғаны белгілі болды.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    ІІМ армениялық көліктерді тіркеудің екі нұсқасын ұсынды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.