jitsu gif
Қаржы

    Қазақстанда рулі оң жақта орналасқан көліктерге неліктен тыйым салынған

    : Facebook

    Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов Қазақстанда рулі оң жақта орналасқан көліктерге неліктен тыйым салынғанын түсіндіріп берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

    gggggg
    Көрнекі фото: www.cars.ru: Facebook
    «Армениядан әкелінген көлікті тіркеу құны - 11 940 теңге. Оған тіркеу жинағы үшін қосылатын 695 теңге, техникалық құжат үшін 3473 теңге, мемлекеттік нөмір үшін 7778 теңге төлеу керек.

    Әкелінген көліктер Арменияның жауапты органдарының есебінде тұрғандықтан оларды Қазақстанға тіркеу кезінде оларға сары түсті мемлекеттік тіркеу нөмірі беріледі.

    Мұндай нөмірлер – басқа мемлекетте тұрақты тіркеуі бар көліктерге беріледі. Сонымен қатар көлік иесінің тұрып жатқан облыстың кодымен тапсырылады», - деді ол ОКҚ-да «ҚР азаматтары Армениядан әкелген автомобильдерді тіркеу туралы» тақырыбында өткен баспасөз мәслихатында.

    ІІМ өкілінің айтуынша, рулі оң жақтағы көліктер тіркелмейді. Себебі мұндай санаттағы көліктерге қатысты шектеу Қазақстанда 2009 жылдан бері бар.

    «Рулі оң жақта орналасқан көліктерге тыйым – жол жүру ережесі заңымен және кедендік одақтың техникалық регламентімен реттеледі. Бұл тыйым Армениямен бірге өзге мемлекеттерден келетін көліктерге қатысты.

    Рулі оң жақтағы көліктер әу баста жол ерекшеліктеріне байланысты Жапония, Ұлыбритания елдерінде рұқсат етілген. Мұндай көліктермен біздің елде жүру ыңғайсыздық туындатады.

    Мәселен, ондай көліктер алдындағы көліктен озғысы келетін жағдайда жүргізуші қарсы келе жатқан көліктерді байқамай қалуы мүмкін», - деді ол.

    Қазақстанда рулі оң жақта орналасқан көліктерге неліктен тыйым салынған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.