jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Елімізде мерзімі өтіп кеткен жеке куәлік үшін қандай жаза қарастырылған

    Жеке куәлік
    Фото: Sputnik / Владислав Воднев

    Ақмола облысы полиция департаментінің көші-қон қызметі жеке куәлігінің мерзімі өтіп кеткен азаматтарға қандай шара қолданылатынын түсіндірді деп хабарлайды Polisia.kz.

    Көші-қон қызметінің хабарлауынша, Әкімшілік кодекстің 492-бабына сәйкес, жеке куәлігін алуға уақытылы жүгінбеген азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

    Мәселен Қазақстан Республикасы азаматтары он күннен бір айға дейінгі уақытта жеке куәліксіз немесе жарамсыз жеке куәлікпен жүрсе, не тұрғылықты жері бойынша тіркеуде болмаса ескерту жасалады.

    Егер жеке куәліксіз немесе жарамсыз жеке куәлікпен жүрген уақыты не тұрғылықты жері бойынша тіркеусіз жүрген уақыты бір айдан асып кетсе, онда айыппұл 7 АЕК-ті құрайды.

    Сонымен қатар, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстанда тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркеусіз, не тұруға ықтиярхатсыз немесе куәліксіз жүргені он күннен асса, оған 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

    Сондай-ақ, Ішкі істер органдарына паспорттың, тұруға ықтиярхаттың, не азаматтығы жоқ адамның куәлігі жоғалғаны туралы уақытылы хабарламаған жағдайда да осындай мөлшердегі айыппұл қарастырылған.

    Ақмола облыстық көші-қон қызметінің дерегінше, Ақмола облысында 2021 жылдың жеті айында 50 мыңнан астам адам құжат алған. Олардың ішінде 11 мың адам паспорт және 40 мыңнан астам адам жеке куәлік алған.

    Елімізде мерзімі өтіп кеткен жеке куәлік үшін қандай жаза қарастырылған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.