jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Әсел Найман қызы
    Әсел Найман қызы
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстаннан бензин мен дизель отынын шығаруға тыйым салу мерзімі тағы 6 айға ұзартылды

    Дизель отыны
    Көрнекі сурет: pixabay.com

    Энергетика және Қаржы министрлігі, ІІМ мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті бензин мен дизельдік отынды елден шығаруға тыйым салу уақытын тағы 6 айға ұзартты. Тиісті құжат Қазақстан Республикасының НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінің ресми сайтында жарияланды.

    "Қазақстан Республикасы аумағынан автомобиль көлігімен жағармайды (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2710 19 820 0, 2710 19 840 0, 2710 19 860 0, 2710 19 880 0, 2710 19 920 0, 2710 19 940 0, 2710 19 980 0, 3403 19 900 0, 3403 91 000 0) қоспағанда, бензин, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2709 00, 2710, 2902, 3403, 3811, 3826 00) әкетуге алты ай мерзімге тыйым салынады", - деп жазылған хабарламада.

    Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн өткен соң, яғни 30 қаңтарда қолданысқа енгізіледі, дейді ведомство өкілдері.

    Айта кетейік, бұған едйін елімізде жанар-жағармай материалдарын заңсыз шығару әрекеттеріне бақылау күшейетінін хабарлаған едік.

    Қазақстаннан бензин мен дизель отынын шығаруға тыйым салу мерзімі тағы 6 айға ұзартылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.