jitsu gif
Қаржы

    Шенеуніктер үшін табысын жариялау міндеті 2025 жылға шегерілді

    Шенеунік11
    Ер адам. Көрнекі фото: Рexels.com

    Елімізде шенеуніктер мен мемлекеттік қызметшілердің жеке табысын жариялауы 2025 жылға дейін тоқтатылды. Бұл туралы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Данияр Жанәлінов ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    Данияр Жанәліновтің сөзінше, қазір өткен жылдың табысы бойынша барлық мемлекеттік қызметші мен оларға теңестірілетіндер және олардың жұбайлары есеп беріп жатыр.

    "Иә, бұған дейін шенеуніктер мен мемлекеттік қызметшілер жеке табысы туралы декларацияны толтыруы керек деген шешім қабылданды. Олардың қатарында саяси қызметкерлер, А корпусына жататын қызметкерлер, депутаттар және тағы басқалар болды.

    Дегенмен аталған норма 2025 жылдың қаңтарына дейін тоқтатылды және әзірге бұл мәселе қаралып жатқан жоқ", – дейді Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Данияр Жанәлінов.

    Спикердің түсіндіруінше, аталған нормаға ешқандай өзгерістер енгізілмесе, онда шенеуніктер мен мемлекеттік қызметшілер 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке табыстарын көпшілікке жариялауы тиіс.

    Шенеуніктер үшін табысын жариялау міндеті 2025 жылға шегерілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.