jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    "1000 АЕК": елімізде сапасыз интернет үшін салынатын айыппұл мөлшері өсті

    Планшет қарап отырған қыз
    Планшет қарап отырған қыз. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Цифрлық даму министрлігі интернеттің сапасын жақсарту үшін операторларға айыппұл мөлшерін арттырды. Ведомство ресми өкілінің айтуынша, бұрын айыппұл 100 АЕК болса, қазір ол 1000 АЕК құрайды, деп хабарлайды Хабар 24.

    "Интернеттің сапасын жақсарту үшін министрлік операторларға айыппұлдарды арттырып отыр. Егер бұрын айыппұл 100 АЕК болса, қазір 1000 АЕК-ті құрайды. Практикада көрсеткендей айыппұлды көтеру интерннеттің сапасын жақсартуға байланысты және біздің өтініштерімізді операторлар орындап жатыр", - дейді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз хатшысы Альбина Атен.

    Телеарна тілшісі келтірген мәлімет бойынша елімізде 1,5 млн адам Қазақтелеком компаниясының қызметін пайдаланып отыр. Алайда қолданушылардың жартысына жуығы әлі күнге дейін АДСЛ технологиясымен, яғни мыс сыммен берілетін төмен жылдамдық интернетті қолданады екен.

    "Түсіп жатқан шағымдардың көбісі, 40-50 пайызы – осы АДСЛ-ға байланысты шағымдар. Мыс арқылы қолданып жатқан ескі технологиялар", - дейді "Қазақтелеком" АҚ желіні дамыту және қолдау жөніндегі директоры Ғалымжан Сүйімбаев.

    "1000 АЕК": елімізде сапасыз интернет үшін салынатын айыппұл мөлшері өсті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.