jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ардақ Құлтай
    Ардақ Құлтай
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстанда такси жүргізушілерінен операторлар арқылы салық ұстау ұсынылды

    Такси белгісі орнатылған көлік
    Такси белгісі орнатылған көлік. Көрнекі сурет. Фото: pixabay.com

    Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов енгізіліп жатқан жаңа тәртіп шеңберінде қазақстандық такси жүргізушілеріне салық салу туралы айтып берді. Бұл туралы үкіметтің Telegram-арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Шенеуніктің айтуынша, бүгінде елімізде такси жүргізушілері үшін арнайы салық режимі қарастырылған.

    "Заң талаптарына сәйкес, олар жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, мобилді қосымша арқылы 1% табыс салығын төлеуі керек. Олар онлайн режимінде тіркеле алады, бұл үшін барлық мүмкіндіктер көзделген", - дейді Біржанов.

    Сондай-ақ ол жаңа талаптар аясында (мобильді аударымдарды қадағалау мәселесін айтып отыр - авт.ескертпесі) агенттердің рөліне баса мән беру қажет деп санайтынын мәлімдеді.

    "Мысалы, операторды салық төлеуші ретінде қарастыру ұсынылады. Яғни, егер такси жүргізушісі онымен жұмыс істесе, онда оператор соған сәйкес салық төлейді.

    Бұл әзірленіп жатқан Салық кодексінің нормаларына енгізіледі деп ойлаймыз, қазір бұл мәселе бизнес өкілдерімен талқыланып жатыр. Әзірге такси жүргізушілері үшін ұялы байланыс операторы арқылы және патентке сәйкес 1% салық төлеуге толық мүмкіндігі бар", - деді вице-министр.

    Еске салайық, былтырғы жазда Қазақстанда курьерлер мен такси жүргізушілеріне салық салу бойынша пилоттық жоба іске қосылған. Қазақстандықтар түрлі себеппен салық заңнамасын түсінудің орнына заңсыз жұмыс істеуді жөн көреді. Мұны түзету үшін такси жүргізушілері мен курьерлері eSalyq Business мобильді қолданбасы арқылы салық режимін таңдай алатын жоба іске қосылды.

    Қазақстанда такси жүргізушілерінен операторлар арқылы салық ұстау ұсынылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.