jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    1 наурыздан бастап Қазақстанның кей өңірінде ауыр жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізіледі

    Жолдағы жол белгісі
    Жол белгісі. Көрнекі фото: Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі

    1 наурыздан бастап Қазақстанның сегіз өңірінде ауыр жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізіледі. Уақытша шектеу шаралары 1 наурыздан 1 сәуірге дейін қолданылады. Бұл туралы Көлік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, жыл сайын көктем мезгілінде республикалық маңызы бар жолдарды қыстан кейін сақтау және күтіп ұстау үшін бір оське жүктемесі 8 тоннадан асатын автокөлік құралдарының қозғалысын уақытша шектеу енгізіледі.

    Бірінші наурыздан бастап мұндай ережелер 8 облыстағы трассаларда қолданылады.

    Атап айтқанда, Алматы, Атырау, Жамбыл, Ұлытау, Қызылорда, Маңғыстау, Жетісу және Түркістан облыстары "Бесінші жол-климаттық аймаққа" кіреді.

    "Шектеу шаралары жүктерді және жолаушыларды халықаралық тасымалдауды іске асыратын, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларға тартылған, зардап шеккендерге гуманитарлық көмек, азық-түлік, багаж, дәрі-дәрмек тасымалдауды іске асыратын, сондай-ақ жол-құрылыс жұмыстарымен айналысатын автокөлік құралдарына қолданылмайды", - делінген хабарламада.

    Мұндай шектеулер 23 наурыз бен 1 мамыр аралығында Ақмола, Ақтөбе, Абай, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында да енгізіледі.

    1 наурыздан бастап Қазақстанның кей өңірінде ауыр жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізіледі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.