jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    1 млн теңгеге дейінгі мобильді аударымдар тексерілмей ме: министрлік жауабы

    Телефон арқылы төлем жасап тұрған адам
    Смартфон арқылы төлем жасап тұрған адам. Көрнекі фото: pexels.com

    Сенат кулуарында ұлттық экономика вице-министріне мәжіліс депутаты ұсынған мобильді аударымдарды тексеру шегін өзгертуге бола ма деген сұрақ қойылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    "Мұндай ұсыныс бар, ол қазір талқыланып жатыр. Бұл мәселені шешудің, кәсіпке алаңдаушылықты болдырмаудың, екінші жағынан, бюджетке түсетін кірісті тексеру бойынша түрлі нұсқалар қарастырылуда.

    Бізде жаңа салық кодексін енгізу мерзімі – мамыр айында аяқталады. Уақыт аз қалды. Мамыр айында бізде жаңа Салық кодексі жобасы шығады. Ол барлығын қамтиды, ал бұл (мобильді аударымдар – редактордың ескертпесі) бір бөлігі ғана", - деді Жақсылықов.

    Ол сондай-ақ Ұлттық банктің Қазақстандағы мұндай мәлімет жарияланғаннан кейін мобильдік аударымдар азайғаны туралы ақпаратына түсінік берді.

    "Ұлттық банк қолма-қол ақшаны әкелу керек деп айтты деп отырсыз, бірақ біз қазіргі уақытта кері әсерін көріп тұрған жоқпыз. Қолма-қол ақшаға көшкен кәсіпкерлердің бір бөлігі бар екені анық, бірақ олар клиенттер қолма-қол ақшасыз операцияларға үйреніп қалғандықтан, қазір шығынға батып отыр. Ал клиенттер кәсіпкерлердің ішінен мобильді аударыммен қызмет көрсететіндерді таңдайды. Менің ойымша, кәсіпкерлер бейімделіп жатыр және олар да қолма-қол ақшасыз төлем жасау қызметін қолға алады", - деді вице-министр.

    Айта кетейік, бұған дейін депутат Азат Перуашев Қазақстанда мобильді аударымдарды бақылауды толығымен тоқтатуды ұсынған болатын.

    1 млн теңгеге дейінгі мобильді аударымдар тексерілмей ме: министрлік жауабы

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.