jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстанда енді жылдамдықты жиі асыратын такси жүргізушілері тапсырыс қабылдай алмайды

    Жүргізуші
    Жүргізуші. Көрнекі фото: pexels.com

    Енді Қазақстандағы такси агрегаторлары мемлекеттік органдармен ынтымақтаса отырып, жылдамдықты үнемі асыратын жүргізушілерді жазаға тартады. Жаңа ереже туралы KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

    Көлік министрлігінің ресми сайтындағы ақпарат бойынша, ведомство Такси агрегаторларымен өзара ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде такси жүргізушілерін бақылауға алуды көздеп отыр. Мәселен, жылдамдықты асыратын жүргізушілер жазаға тартылуы мүмкін.

    "Қосымшаны пайдаланушы адамның берген бағасы мен жалпы рейтингке сүйене отырып, жылдамдықты жиі асыратын жүргізушілер жолаушылардан келіп түскен тапсырыстарды орындаудан уақытша я мүлдем шеттетілуі мүмкін. Сонымен қатар көлік жүргізушілеріне көліктің техникалық жағдайын тексеру қажет екені жайлы және қауіпсіздік белдіктеріне қатысты хабарламалар келіп тұрады", - делінген хабарламада.

    Жол ережесімен бекітілген тиісті жылдамдықтың сақталуын қадағалаудан бөлек, платформаның серіктес-жүргізушілеріне арналған онлайн және офлайн форматта тренингтер өткізу жоспарланып отыр.

    Оқыту барысында жол қозғалысы ережелері мен қалааралық автомобиль жолдарында қауіпсіздік ережелерін сақтау тақырыптары егжей-тегжейлі қарастырылады.

    Министрлік өкілдерінің мәліметінше, меморандумның негізгі мақсаты – республикалық және жергілікті маңызы бар қалааралық автомобиль жолдарында, сондай-ақ қала ішіндегі тораптарда жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін арттыру.

    Қазақстанда енді жылдамдықты жиі асыратын такси жүргізушілері тапсырыс қабылдай алмайды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.