jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ардақ Құлтай
    Ардақ Құлтай
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстанда ескі көлік иелері екі есе аз салық төлейтін болды

    Жол-көлік оқиғасы болған жер
    Жол-көлік оқиғасы болған жер. Фото: t.me/dp_abai

    Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин жаңа Салық кодексінің жобасы аясында автокөлік жүргізушілеріне қандай жаңалық барын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Жаңа Салық кодексі жобасының тұсаукесері "Атамекен" ҰКП-да өтті.

    "Бәріңізді жеке тұлға ретінде қызықтыратын нәрсеге тоқталайын: мысалы әркімнің көлігі бар. Енді барлық жеке тұлғалар үшін көлік құралдары бойынша бізде көлік салығының төмендетілген мөлшерлемесі болады. Егер машинаның қызмет мерзімі 10 жылдан асса, онда мөлшерлеменің 30 пайызға төмендейді, егер машинаның қызмет мерзімі 20 жылдан асса – екі есе, салық мөлшерлемесі 50 пайызға төмендейді", - деді Әмрин.

    Екінші мәселе, вице-министрдің айтуынша, зейнеткерлерге қатысты.

    "Зейнеткерлер үшін біз жеке табыс салығының мөлшерлемесін қысқартамыз, яғни зейнеткерлер табыс салығын төлемейді. Негізінен осындай ұсыныстар бар", - деп атап өтті вице-министр.

    Қазақстанда ескі көлік иелері екі есе аз салық төлейтін болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.