jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстанда маркетплейстерге салынатын салық 15 пайызға дейін көтерілуі мүмкін бе

    Калькулятор мен ақша
    Калькулятор мен ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Министр Арман Шаққалиевтен Қазақстанда оффлайн сауда мен базарды қолдау мақсатында маркетплейстер мен онлайн дүкендерге салынатын салықты көбейтуге бола ма деген сұрақ қойылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Мәжіліс алаңында cауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевке Қазақстанда интернет-дүкендер мен маркетплейстерге салынатын салықты көтеруге бола ма деген сұрақ қойылды.

    "Сауда министрлігі электронды коммерцияны дамытуда өз алдына басымдықтарды белгіледі, себебі бұл – үйге дейін, есікке дейін жеткізу қызметі – бізге тұтынушы ретінде мүмкіндік береді.

    Екіншіден, біз электрондық сауданы дамыту арқылы, талаптарға сай келмейтін әр түрлі нарықтар осы сауда алаңынан шығуы керек деп есептейміз", - деп жауап берді министр Арман Шаққалиев.

    Министр маркетплейстер мен басқа да онлайн-платформалар үшін салықты 15 пайызға дейін көтеру туралы мәселе ведомствоның күн тәртібінде жоқ екенін хабарлады.

    "Сондықтан, электронды сауда алаңдарына салық салу мәселесінде Сауда министрлігі тарапынан лоббизм немесе нарықтарға қолдау көрсетілмейді", - деді министр.

    Қазақстанда маркетплейстерге салынатын салық 15 пайызға дейін көтерілуі мүмкін бе

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.