jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    Көлік министрлігі техникалық байқау саласындағы функциясынан айырылуы мүмкін

    Заңсыз автотұрақ ұйымдастырған жігітке айыппұл салынды
    Көрнекі сурет: Pixabay.com

    Қазақстанда Көлік министрлігі техникалық байқау саласындағы функциясынан айырылуы мүмкін. Тиісті құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Авторлар үкіметтің 2023 жылғы 4 қазандағы "Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің кейбір мәселелері" қаулысына өзгерістер енгізуді көздеп отыр.

    Атап айтқанда, техникалық байқау операторларының тізілімін жүргізу тәртібін айқындау функциясын алып тастау ұсынылады.

    Құжатты қоғамдық талқылау 18 қарашаға дейін жалғасады.

    Айта кетсек, Қазақстан аумағында тіркелген және жол қозғалысына қатысатын барлық көлік құралдары үшін диагностикалық картаны беру арқылы техникалық байқаудан өту міндетті. Тіпті, "Жол қозғалысы туралы" заңның 88-бабына сәйкес шетелдік автокөліктер мен тіркемелерде де осындай міндет бар. Бұл жалпыға ортақ жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажет.

    Жеңіл автомобильдер үшін (кәсіпкерлік мақсатта пайдаланылмайтын) 12 ай сайын тексеру қажет. Ерекшелік шығарылған күннен бастап 7 жылдан аспайтын автокөліктерге арналған.

    Көлік министрлігі техникалық байқау саласындағы функциясынан айырылуы мүмкін

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.