Қаржы

Зектілері

Автобандағы рұқсат етілетін жылдамдық сағатына 110 км-ге дейін төмендетілетіні рас па

Жарияланған күні:

көлік жүргізіп келе жатқан адам
Көлік жүргізушісі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бұрын ішкі істер министрінің орынбасыры, сенатор Марат Қожаев сенат кулуарларында қазақстандықтар арасында талқыланып жатқан ақпаратқа түсінік берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Желіде автобандағы рұқсат етілген ең жоғары жылдамдық сағатына 140-тан 110 километрге дейін төмендейтіні туралы ақпарат тарады. Журналистер Марат Қожаевтан мұның қаншалықты шындыққа жанасатынын сұрады.

"Автобандарда қозғалыс жылдамдығы сағатына 140-тан 110 километрге ауысатыны туралы WhatsApp-та тараған хабарламаға келсек, мен әкімшілік полициядан мұндай өзгерістер болмайтынын нақтыладым",-деді ІІМ басшысының бұрынғы орынбасары, сенат депутаты Марат Қожаев.

Айта кетейік, жақында Қазақстанда жылдамдықты сағатына 60 және одан да көп километрге арттырғаны үшін айыппұл мөлшерін екі есе арттыратын заңға қол қойылды. Атап айтқанда, жаңа түзетулерге сәйкес, жылдамдық режимін сағатына 60 километрге немесе одан да көп арттырған автомобиль иелеріне 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады, бұл 147 680 теңге.

Автор: Бақытжан Отарбаева

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/fines-and-taxes/2187375-avtobandagy-ruqsat-etiletin-zhyldamdyq-sagatyna-110-km-ge-deiin-tomendeidi-zhelide-taragan-aqparatqa-buryngy-vitse-ministr-pikir-bildirdi/