jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДМ
    Динар Мұрат
    Бұрынғы қызметкер

    Сенат басшысы коммуналдық қызметтер тарифтерін көтеру қажет деп есептейтінін айтты

    Мәулен Әшімбаев
    Мәулен Әшімбаев. Фото: gov.kz

    Сенат спикері Мәулен Әшімбаев палатаның бүгінгі отырысында Қазақстанда коммуналдық қызмет тарифтерінің көтерілуіне қатысты ойын білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Әшімбаев алдағы уақытта тарифтердің көтерілуіне байланысты бағаға қысым күшейетінін айтты.

    "Бұрыннан шешілмей келген мәселелер салдарынан бүгін біз тарифтерді көтеруге тиіспіз. Жылдар бойы тариф көтерілмей келді, соның кесірінен біздің бүкіл энергетика саласы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кешені қазір өте қиын жағдайда.

    Осындай жағдайда инфляцияны қалай тежемекпіз? Пайыздық мөлшерлеме мен Қаржы министрлігі бағалы қағаздар арқылы нарықтан, яғни банктерден ақшаны алатын болады.  Осылайша бағаны ұстап тұру үшін ақша массасын азайтамыз", - деді ол.

    Бұған дейін Қазақстанда кейбір тұрғындар үшін газ 1,5 есе қымбаттауы мүмкін екенін айтқан болатынбыз. Мәжілісте газ тұтынушылар үшін тарифтердің екі түрін енгізу ұсынылды. Яғни, газ белгілі бір нормаға дейін бір бағада болады, ал лимиттен асып кеткендер 1,5 есе артық төлеуі мүмкін.

    Қазан айында Алматы қаласы мен Алматы облысында электр энергиясының тарифі өзгеретіні хабарланды.

    Сенат басшысы коммуналдық қызметтер тарифтерін көтеру қажет деп есептейтінін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.