Астанада ақылы автотұрақты кімдер тегін пайдалана алады
Жарияланған күні:

Елордада ақылы тұрақты белгілі бір санаттағы азаматтар тегін пайдалана алады. Бұл жөнінде ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Ақылы тұрақты тегін пайданала алатындар жөніндегі ақпарат әкімдіктің ресми сайтында жарияланды.
Тегін тұраққа құқылы азаматтар:
Марапатталған тұлғалар:
- "Алтын қыран" және "Халық қаһарманы" ордендерімен марапатталған тұлғаларға тіркелген көлік құралдары.
Көпбалалы аналар:
- "Алтын алқа" және "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған аналар;
- Бұрын "Батыр ана" атағын алғандар;
- I, II және III дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған аналар.
Әскери борышын өтегендер:
- Ауғанстан мен басқа да әскери іс-қимылдар жүргізілген аймақтарда борышын өтеген азаматтарға тіркелген көлік құралдары.
Мүгедектер:
- Бірінші және екінші топтағы мүгедектер, сондай-ақ мүгедек балалардың заңды өкілдеріне тіркелген көлік құралдары.
Ядролық сынақ құрбандары:
- Семей ядролық полигонының салдарынан зардап шеккендерге тіркелген көлік құралдары.
Шұғыл қызмет көліктері:
- Тиісті тану белгілері бар жедел қызмет көліктері (жедел медициналық көмек, ІІМ, әскери полиция, ҰҚК).
Соғыс ардагерлері:
- Ұлы Отан соғысы мен басқа мемлекеттер аумағындағы әскери қимылдарға қатысқан ардагерлерге тіркелген көлік құралдары.
Жеңілдікке құқығы бар азаматтар өтінішті онлайн түрде мына сілтеме арқылы бере алады.
Шектеулер:
- Бұл жеңілдік тракторлар мен өлшемі тұрақ орындарының мөлшерінен асатын көлік құралдарына қолданылмайды.
- Бір азаматтың атына тек екі көлік тіркелуі мүмкін.
- Жеңілдік медициналық анықтамалар негізінде ғана рәсімделеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/fines-and-taxes/2193965-astanada-aqyly-avtoturaqty-kimder-tegin-paidalana-alady/