jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Елде азаматтардың банктік аударымдарына салық салына ма: ҰЭМ мәлімдеме жасады

    Ақша санап тұрған әйел
    Ақша. Көрнекі фото: freepik.com

    Ұлттық экономика министрлігі азаматтардың банктік аударымдарына қосылған құн салығына салық салу туралы ақпараттың таралуына байланысты мәлімдеме жасады. Хабарлама ҰЭМ ресми сайтында жарияланды.

    Министрлік банктердің өз қызметі үшін клиенттерден алатын комиссияларына салық салу жөнінде хабарлаған. Бұл ретте картаны шығару үшін немесе аударымдар үшін банк алатын комиссиялар есепке алынған.

    "Жаңа Салық кодексінің жобасында екінші деңгейдегі банктердің қаржылық операцияларына қолданыстағы жеңілдікті жою жөніндегі норма ұсынылады. Азаматтар жүзеге асыратын аударымдардың өзіне салық салынбайды.

    Егер бір банктің ішіндегі ақша аударымдары комиссиясыз жүзеге асырылса, тиісінше мұндай жағдайларда салық салынбайды. Жаңа Салық кодексінің жобасы талқылау сатысында тұрғанын еске сала кетейік. Ұсынылған нормалар Парламентте, бизнес-қоғамдастықпен және жұртшылықпен талқылануда. Кодекстің соңғы жобасы 2025 жылы қабылданады",- делінген министрлік хабарламасында.

    Елде азаматтардың банктік аударымдарына салық салына ма: ҰЭМ мәлімдеме жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.