jitsu gif branding logo appbranding logo app
Қаржы

    Орташа жылдамдықты арттырғаны үшін айыппұл: елімізде заң күшіне енді

    Көліктер
    Көліктер. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Бүгіннен бастап жол қауіпсіздігін арттыруға және жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға бағытталған заң күшіне енді. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.

    Полиция ақпаратынша, жаңашылдық халықаралық және республикалық маңызы бар жолдармен жүретін барлық жүргізушілерге қатысты.

    "Бұл өзгерістердің негізгі мәні автоматты түрде тіркеу жүйелерімен анықталатын түзу сызықты учаскелерде "орташа жылдамдықтан" асып кеткені үшін жауапкершілікті енгізу болып табылады. "Орташа жылдамдық" жүріп өткен жолды сол жолды жүріп өткен уақыт аралығына бөлу арқылы есептеледі.

    Айыппұл рұқсат етілген «орташа жылдамдықтан» асып кетуіне байланысты 5-тен 40 АЕК-ке дейін болады. Яғни, жолдардың әр түрлі учаскелерінде "орташа жылдамдық" әр түрлі болады, себебі формулаға сәйкес әр автокөлік автоматты түрде есептеледі. Бұл жаңалық талдауды ескере отырып енгізілді, себебі қала маңындағы трассалардағы әрбір үшінші адам жылдамдық режимінің асып кетуінің салдарынан көз жұмған.

    Осы өзгерістерге байланысты ІІМ жол жүрісіне қатысушылардың барлыған қағидаларды сақтауға және басқа қатысушыларды құрметтеуге шақырады. Жолдағы қауіпсіздікті арттыру — бұл ортақ міндет", - деді ІІМ әкімшілік полиция комитеті ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.

    Орташа жылдамдықты арттырғаны үшін айыппұл: елімізде заң күшіне енді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.