Орташа жылдамдықты арттыру: ІІМ енгізген жаңа айыппұлдың мәні неде
Жарияланған күні:

Қазақстанда бір апта бұрын, 4 желтоқсаннан бастап жол қауіпсіздігін арттыруға және жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға бағытталған заң күшіне енді. Осыған орай KAZ.NUR.KZ тілшісі ІІМ әкімшілік полиция комитеті ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Борановадан бұл жаңашылдықтың жай-жапсарын сұрап білді.
- Қазақстанда 4 желтоқсаннан бастап "орташа жылдамдық" анықтайтын жаңа заң күшіне енді, оның мақсаты – жол қауіпсіздігін арттыру және жол-көлік оқиғаларын азайту.
- ІІМ өкілі Ақтоты Бoранованың айтуынша, бұл шара халықаралық тәжірибеге сүйенеді және Еуропа елдерінде сәтті қолданылады, мысалы Бельгияда апаттар саны 15 пайызға, зардап шеккендер саны 23 пайызға азайған.
- "ҚазАвтоЖол" орнатқан құрылғылар арқылы анықталатын жылдамдық асыру үшін айыппұл 18 460 теңгеден 147 680 теңгеге дейін болады.
Айта кетейік, енгізіліп отырған "орташа жылдамдық" халықаралық және республикалық маңызы бар жолдармен жүретін барлық жүргізушілерге қатысты. Бұл өзгерістердің негізгі мәні автоматты түрде тіркеу жүйелерімен анықталатын түзу сызықты учаскелерде "орташа жылдамдықтан" асып кеткені үшін жауапкершілікті енгізу. Яғни жолдардың әр түрлі учаскелерінде "орташа жылдамдық" әр түрлі болады, себебі формулаға сәйкес әр автокөлік автоматты түрде есептеледі.
"Орташа жылдамдық" деген не?
"Орташа жылдамдық" жүріп өткен жолды сол жолды жүріп өткен уақыт аралығына бөлу арқылы есептеледі. Айыппұл рұқсат етілген "орташа жылдамдықтан" асып кетуіне байланысты 5-тен 40 АЕК-ке (2024 жылы 18 460 теңгеден 147 680 теңгеде дейін) дейін болады.
Ақтоты Боранованың айтуынша, бұл шараның басты мақсаты – жолдағы қауіпсіздікті арттыру.
"Себебі қала маңындағы трассалардағы әрбір үшінші адам жылдамдық режимінің асып кетуіне байланысты қайтыс болған", - дейді ол.
Қай елдерде тәжірибеден өткен?
Комитет өкілі мұндай тәжірибе қандай елдерде сәтті іске асырылғанын да айтып берді.
"Орташа жылдамдықты" автоматты камералармен өлшеу жүйесі Еуропа елдерінде (Франция, Ұлыбритания, Ирландия, Бельгия, Нидерланды, Швеция, Норвегия, Австрия, Италия және т.б.) сәтті қолданылады және жол-көлік оқиғаларын азайтуда дау тудырмайтын шара ретінде танылады.
Норвегияда бұл жүйе "Бөлімдегі жылдамдықты автоматты бақылау" деп аталады, Италияда "Тьютер", Австрияда "Бөлімдік бақылау", ал Испанияда "Бөлімдегі жылдамдықты бақылау" деп аталады. Бельгияда бұл жүйе "Орташа жылдамдықты бақылау" ретінде енгізілген. Осы жүйенің тиімділігін бағалау мақсатында Бельгияда тиісті зерттеулер жүргізілді", - дейді Боранова.
Нәтижелер орташа жылдамдықты бақылау шарасының жол қозғалысы қауіпсіздігіне оң әсерін тигізетінін көрсеткен:
- Апаттар саны 15 пайызға, яғни 26-дан 22-ге дейін азайды;
- Зардап шеккен адамдар саны 23 пайызға, 82-ден 63-ке дейін қысқарды;
- Ең үлкен қысқару жеңіл автокөліктер арасында байқалды, мұнда зардап шеккендер саны 43 пайызға азайды.
Осы шараның тиімділігін ескере отырып, бельгиялық билік бұл жүйені тек автожолдарда емес, сонымен қатар қалалық айналма жолдарда да енгізуді жалғастыруды жоспарлап отыр екен.

Камераларға кім жауапты?
Борановатың сөзінше, орташа жылдамдықты анықтайтын құрылғыларды "ҚазАвтоЖол" орнатқан және Бас прокуратураның республикалық жүйесіне қосылған, яғни түскен құқық бұзушылықтар автоматты түрде жүргізушінің жеке кабинетіне түседі.
Статистика
Маман жылдамдық асыру салдарынан болатын жол апатының саны биылғы 11 айда елімізде 4,9 мыңнан асқанын айтып отыр.
"Онда қаза болғандардың саны 760, ал жарақат алғаны 7,1 мыңнан астам екенін айтып отыр", - дейді Боранова.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/fines-and-taxes/2198271-ortasha-zhyldamdyqty-arttyru-iim-engizgen-zhanga-aiyppuldyng-mani-nede/