Шымкенттік жүргізушілерге 8 млрд теңге көлемінде айыппұл салынды
Опубликовано:
Шымкенттік жүргізушілерге 8 млрд теңге көлемінде айыппұл салынды. Мұндай деректерді мегаполистің полиция департаменті ұсынды, деп хабарлайды Otyrar.kz.
Басылым мәліметінше, жыл басынан бері 10 айдың ішінде шымкенттіктер жол қозғалысы ережелерін бұзып, 8 млрд теңге айыппұл арқалаған.
Оның 3 млрд теңгеден астамы қазірдің өзінде төленген. Бұл қаражат қала мен тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға жұмсалады.
Айта кетейік, осыған дейін Шымкентте дизель құйылған бөшкені газбен жылытпақ болған ер адам қаза тапты. Одан бөлек қалада көпқабатты үйден өрт шығып, екі адам құтқарылды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/nurfin/fines-and-taxes/2198558-shymkenttik-zhurgizushilerge-8-mlrd-tengge-koleminde-aiyppul-salyndy/