Қаржы

Зектілері

Қазақстан электр энергиясы ең арзан елдер тізіміне енді

Жарияланған күні:

Электр желісі
Электр желісі. Көрнекі сурет: pixabay.com

Электр энергиясының құны бойынша тізімге енген елдер рейтингінде 147 қатысушы мемлекеттің арасында Қазақстан 24-орынға табан тіреді. Елде бір киловатт-сағат орташа есеппен 0,046 доллар тұрады. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

Қазақстандағы көптеген ақылы қызмет бірнеше айдан бері қымбаттап жатыр. Бағаның өсуі "Тарифті инвестицияға айырбастау" бағдарламасы аясында іске асырылады. Мемлекеттік қызметтерді ұсынатын компаниялар тарифтерді көтеріп жатыр, алайда олар инфрақұрылымды жақсартуға және жұмысшылардың жалақысын көтеруге міндеттенеді.

EnergyProm порталының мәліметінше, Қазақстан бұрынғысынша электр қуатының бағасы төмен елдердің тізімінде. Оның үстіне, халықаралық рейтингтерге сәйкес, біздің елдегі тарифтер Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері бойынша (ТМД) ең төмен болып саналады.

2024 жылғы наурыз айында бір киловатт-сағат қазақстандықтар үшін шамамен 0,046 доллар болды. Төмен тариф Өзбекстанда тіркелді – 0,023 доллар. Ал Ресейде киловатт-сағат – 0,051 доллар, Украинада – 0,063 доллар, Беларусьте – 0,075 доллар, Арменияда – 0,109 доллар, Молдовада жалпы алғанда 0,131 доллар тұрады.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Қазақстанда электр энергиясының тарифтері сараланған. Энергияны үнемдеп тұтынатын азаматтар төлейтін құн оны белсенді пайдаланатындарға қарағанда төмен.

Дегенмен Қазақстандағы электр энергиясының тарифтері ең жылдам өсетін тарифтердің қатарында екенін атап өткен жөн. 1 желтоқсандағы жағдай бойынша бір жыл ішінде 21,7 пайызға өсті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/fines-and-taxes/2199629-qazaqstan-elektr-energiiasy-eng-arzan-elder-tizimine-endi/