jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Талғат Дүйсенбек
    Талғат Дүйсенбек
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстанда қай жолдарда орташа жылдамдықты арттырғаны үшін айыппұл салынады

    Жылдамдықты асырып көлік айдаған
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Орташа жылдамдықты арттырғаны үшін айыппұл салу жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізілген. Бірақ әзірге мұндай шара жолдардың бәрінде қолданыла бермейді. Бұл туралы KAZ.NUR. KZ материалынан оқыңыз.

    4 желтоқсанда қалааралық жолдарда орташа жылдамдықты арттырғаны үшін айыппұл салуды көздейтін заң күшіне енді. Ереже бұзған қазақстандықтарға орташа жылдамдық түрлеріне қарай 5-40 АЕК (2024 жылғы есеппен 18 460 теңгеден 147 680 теңге аралығында) айыппұл төлейді.

    Ал 2025 жылы Айлық есептік көрсеткішпен (3 932 теңге) бірге айыппұл көлемі де 19 660 теңгеден 157 280 теңгеге дейін артады.

    Айыппұлдың мұндай түрі нақты қай уақытта және қай жолда салынатынын KAZ.NUR.KZ "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясынан сұрастырып білді.

    Орташа жылдамдық қалай есептеледі

    Ұлттық компания мәліметінше, автокөліктің орташа жылдамдығы – республикалық маңызы бар жолдың жалпыға ортақ бөлігін автокөлік жүріп өткен уақытты бөлген кезде шығатын жылдамдық.

    "Орташа жылдамдық қала сыртында айналма жолдары жоқ тура жолда автоматты түрде есептеледі. Ол үшін арнайы куәлігі бар бақылау-өлшеу құралдары пайдаланылады. Орташа жылдамдық автомобиль жолдарында белгіленген жылдамдықтан аспауға тиіс", - деп жауап берді "ҚазАвтоЖол".

    Мысалы, жолдағы қозғалыс жылдамдығы сағатына 110 километрден аспауы керек болса, тура жолды одан артық жылдамдықпен жүріп өткен автокөлік иелеріне айыппұл салынады.

    Ақылы автожол
    Ақылы автожол. Көрнекі сурет: Jose A. Bernat Bacete/Getty Images

    Мұндай айыппұл қай жолдарда салынады

    Компания мәліметіне қарағанда, орташа жылдамдықты бақылау сынақ түрінде ақылы автожолдардың жалпы ұзақтығы 392 километр болатын үш бөлігіне енгізілген. Оларға мына жолдар жатады:

    "Орал – РФ шекарасы (Самараға бара жатқан жол)" – "Самара – Шымкент" ақылы автожолының 56 км;

    "Орал – РФ шекарасы (Озинки қалашығы)" – "Орал – Тасқала – РФ шекарасы (Озинки)" автожолының 99 км;

    "Тараз – Қайнар" – "Алматы – Ташкент – Термез" автожолының 237 км.

    Бұл ақылы жолдардың бойында орнатылған бейнекамералар Бірыңғай әкімшілік құқық бұзушылық тізіміне қосылған. Олар автокөліктер қозғалысының орташа жылдамдығын анықтайды.

    "Болашақта осы бағдарламаны халықаралық және республикалық маңызы бар ақылы автожолдардың бәрінде сынақ түрінде қосу көзделіп отыр", - деп хабарлады "ҚазАвтоЖол" мамандары.

    Бұған дейін, 4 желтоқсаннан бастап жол қауіпсіздігін арттыруға және жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға бағытталған заң күшіне енгенін жазғанбыз.

    Енді Қазақстанда автокөлік жылдамдығын сағатына 60 шақырым және одан да жоғары арттырып жібергендерге де айыппұл салынатынын мына материалда түсіндіргенбіз.

    Қазақстанда қай жолдарда орташа жылдамдықты арттырғаны үшін айыппұл салынады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.