jitsu gif branding logo appbranding logo app

    255 мың теңгеден асатын мобильді аударымдар тескеріле ме: ведомство өкілдері жауап берді

    Телефон ұстаған ер адам
    Телефон ұстаған ер адам. Көрнекі фото: pixabay.com

    2025 жылдан бастап үш айда телефон арқылы жүз немесе одан көп адамнан 255 мың теңге аударым жасағандар тексеруге алынуы мүмкін. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Мемлекеттік кірістер департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Ведомство өкілдерінің мәліметінше, мобильді аударымдарды бақылау заңсыз кәсіпкерлік қызметті көлеңкеден шығаруға бағытталған.

    Өлшемшарты бір жеке тұлғаның қатарынан күнтізбелік үш айдың әрқайсысының ішінде жүз және одан да көп әртүрлі тұлғалардан кәсіпкерлік қызметті іске асыруға арналмаған банк шотына ақша қаражатын алуы болып саналады.

    2025 жылдан бастап банктерден ақпарат ұсынылады. 2024 жылдың қорытындысы бойынша жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалардың басшылары және олардың жұбайлары тексеріледі

    "Бұл шара жасырын кірістер мен тіркелмеген кәсіпкерлерді анықтауға бағытталған, өйткені көптеген кәсіпкер тауарлар, жұмыстар мен қызметтер үшін төлемді кәсіпкерлік қызметке арналмаған жеке шоттарға мобильді аударымдар арқылы қабылдайды", - дейді департамент өкілдері.

    Бұдан басқа, қолданыстағы өлшемшарттан жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеуге құқығы бар тұлғаларды алып тастау бойынша өзгерістер енгізіліп жатқаны мәлім етілді.

    "Сондай-ақ өлшемшартты "бір жеке тұлғаның қатарынан күнтізбелік үш айдың әрқайсысының ішінде жүз және одан да көп әртүрлі тұлғалардан банк шотына жалпы сомасы 3 ЕТЖ-ден асатын ақша қаражатын алуы" деп қабылдау ұсынылады (01.01.2024 жылғы жағдай бойынша 255 мың теңге)", - делінген хабарламада.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.