Қазақстанда мопедтерді тіркеу: нені ескеру қажет
Жарияланған күні:

Елімізде 2025 жылғы 5 сәуірден бастап мопедтер механикалық көліктерге теңестіріледі. Осы орайда ІІМ өкілдері қазақстандықтарға нені ескеру қажет екенін еске салды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
ІІМ өкілдерінің мәліметінше, мопедтерді қолдану үшін ел тұрғындары мынаны ескеру қажет:
- полицияда тіркелу;
- А1, А немесе В санатындағы жүргізуші куәлігі;
- техникалық тексеру;
- азаматтық жауапкершілікті сақтандырудан өту.
Тіркелу үшін тұрғылықты жері бойынша арнайы ХҚКО-ға келесі құжаттармен жүгіну қажет:
- жеке куәлік (электронды түрде болуы мүмкін);
- мопедтің техникалық құжаты немесе сипаттамалары.
Кейін өтінішті толтырып, мопедті тексерістен өткізіп, қажетті мемлекеттік баждарды төлеу керек.
"Маңызды: 5 сәуірден бастап тіркелмеген мопедтерді пайдалануға, жүргізуші куәлігінсіз жүруге тыйым салынады. Бұзушылықтарды болдырмау үшін мопедті алдын ала тіркеп, жүргізуші куәлігін алуды ұсынамыз", - деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Арай Төлегенқызы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/fines-and-taxes/2213126-qazaqstanda-mopedterdi-tirkeu-neni-bilu-qazhet/