jitsu gif
Қаржы

    Жеке тұлғалардан алынатын көлік салығы: нені білу маңызды және қашан төлеу керек

    Ойыншық көлік және монеталар
    Ойыншық көлік және монеталар. Көрнекі фото: sakchai vongsasiripat/Getty Images

    Мемлекеттік кірістер комитеті жеке тұлғалардың 2024 жылға арналған көлік салығын төлеу мерзімі 2025 жылғы 1 сәуірде аяқталатынын еске салады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Комитеттің мәліметінше, 2024 жылға арналған салықты есептеу кезінде 2024 жылы қолданыста болған 3 692 теңге көлеміндегі айлық есептік көрсеткіш қолданылады.

    Көлік құралдары салығы сомасын kgd.gov.kz веб-порталындағы калькулятордың және e-Salyq Azamat мобильді қосымшасының көмегімен дербес есептеуге болады.

    Бұл ретте салық органдары есеп айырысу балансын анықтау мақсатында жыл сайын тиісті жылға жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықты есептейді.

    Есептелген салық сомалары туралы ақпарат 2025 жылғы 11 наурыздан 31 наурызға дейін екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларын пайдаланушыларға PUSH хабарламасы түрінде жіберіледі.

    Сондай-ақ салық сомасы туралы ақпарат kgd.gov.kz веб порталындағы "Жеке тұлғалар үшін алдағы төлемдер" қызметінде, сондай-ақ e-Salyq Azamat және екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларында орналастырылады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.