jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Кәсіпкерлерді заңсыз тексерген": Алматы әкімінің орынбасарына ірі мөлшерде айыппұл салынды

    Шенеунік11
    Ер адам. Көрнекі фото: Рexels.com

    Алматы қаласы әкімінің орынбасарына кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Алматы прокуратурасының баспасөз қызметі өкілдері мәлім еткендей, Түрксіб ауданының прокуратурасы кәсіпкерлік субъектілерін заңсыз тексеру бойынша әкімдіктің лауазымды тұлғаларының заңсыз әрекеттерінің жолын кесті.

    Қала әкімі орынбасарының тапсырмасы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізу барысында аудан әкімдіктерінің қызметкерлері өз өкілеттігінің шегінен шығып, кәсіпкерлерден құжаттарды (тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды) заңсыз негізде талап еткен.

    "Мұндай әрекеттер заңнамаға қайшы келеді, себебі тексерушілерде бизнестен құжаттаманы талап ету үшін құқықтық негіздер болмаған.

    Тексеру жүргізу тәртібін бұзу фактілері бойынша аудан әкімдері аппараттарының алты лауазымды тұлғасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 175-бабымен әкімшілік жауапқа тартылды (25 материал бойынша 500 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды).

    Бұдан басқа Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 173-бабымен кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін (100 АЕК мөлшерінде айыппұл салу арқылы) жауапқа тартылды", - дейді қала прокуратурасының өкілдері.

    Қазіргі уақытта барлық айыппұл қысқартылған тәртіппен төленген.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.