jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Салық кодексіне түзетулердің жаңа пакеті мәжіліске енгізілді: Ұлттық экономика министрлігі не ұсынып отыр

    ақша есептеп отырған адам
    Ақша есептеп отырған адам. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Қазақстан Ұлттық экономика министрлігі жаңа және қолданыстағы Салық кодексінің жобасына екінші түзетулер пакетін парламент мәжілісіне енгізді, деп хабарлайды ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Түзетулердің негізгі бағыттарының бірі – қызметкерлердің табыс деңгейіне қарай жеке табыс салығының сараланған мөлшерлемелерін енгізу. Төмен табыс табатын азаматтар жоғары жалақы алатындарға қарағанда төмен мөлшерлеме бойынша салық төлейтін болады.

    Сондай-ақ азаматтардың медицина, білім беру, әлеуметтік аударымдар сияқты шығындары бойынша шегерімдерді оңтайландыру ұсынылып отыр. Қазіргі 14 АЕК орнына 30 АЕК мөлшерінде бірыңғай базалық шегерім енгізіледі. Сонымен қатар қосымша шегерімдер алынып тасталады, бұл бухгалтерлердің жұмысын жеңілдетіп, жеке тұлғаларға салық органдарына артық құжат тапсыру қажеттілігін жояды, дейді министрлікте.

    Бұдан басқа экспорттық-кредиттік агенттікке салық салу тәртібін белгілеу және банк қызметі үшін корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесін нақтылау ұсынылады, бұл осы саладағы белгісіздікті жояды, деп санайды құзырлы орган.

    Сондай-ақ мемлекеттік және квазимемлекеттік бағалы қағаздардан түсетін табыстарға салық салуды енгізу жоспарланып отыр. Бұл мемлекеттік бюджеттің қосымша көзі.

    Халықаралық тәжірибеге сәйкес, қоғамдық денсаулыққа қосымша қамқорлық жасау үшін энергетикалық сусындарға акциздер белгіленеді.

    Мұнай саласындағы салық жүйесін реформалау аясында "салықтық маневр" жүргізу көзделіп отыр – экспорттық төлемдерге, соның ішінде ренталық салыққа түсетін жүктемені мұнай өндіру кезеңінде төленетін салыққа ауыстыру ұсынылады. Бұл салық жүйесін жеңілдетіп, бюджеттің кірісін тұрақтандыруға мүмкіндік береді, деп сендірді министрлікте.

    Салық әкімшілендіруді күшейтуге бағытталған бөлек түзетулер блогы ұсынылған. Ол салық органдарының бақылау функцияларын қайта қарауды және салық міндеттемелерін жинау мен мониторингтеу тетіктерін нақтылауды көздейді.

    Сонымен қатар екінші пакет аясында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, инвестициялық саясат, әлеуметтік төлемдер тәртібі секілді бірқатар ілеспе заңға өзгерістер енгізу жоспарланып отыр.

    Міндетті әлеуметтік және медициналық сақтандыру саласындағы, сондай-ақ арнайы салық режимдерін қолданудағы бұзушылықтар үшін жауапкершілікті күшейту ұсынылады. Бұл – елдегі салықтық тәртіпті күшейтуге бағытталған кешенді стратегияның бір бөлігі, дейді министрлік өкілдері.

    Жалпы алғанда, үкімет жаңа Салық кодексі жобасы мен оған ілеспе заңдарға 71 түзету, ал қолданыстағы Салық кодексіне 67 түзету ұсынды.

    Салық кодексіне түзетулердің жаңа пакеті мәжіліске енгізілді: Ұлттық экономика министрлігі не ұсынып отыр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.