jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Тоқаев алдағы уақытта шағын және орта кәсіпті қолдау үшін басқа да шаралар қабылданатынын айтты

    Салық есептеп отырған адам
    Салықтарды есептеп отырған адам. Иллюстрациялық фото: krisanapong detraphiphat/Getty Images

    Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйлеген мемлекет басшысы алдағы уақытта шағын және орта кәсіпті қолдау үшін басқа да шаралар қабылданатынын мәлімдеді. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Соңғы кезде маған жаңа Салық кодексіне қатысты көптеген өтініш келіп түсті. Мен премьер-министрге нақты тапсырмамды бердім. Үкімет арнайы салық режимі бойынша жұмыс істейтін кәсіптердің тізімін бұрынғы қалпында қалдырды. Алдағы уақытта шағын және орта кәсіпті қолдау үшін басқа да шаралар қолданылады", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Президенттің айтуынша, бизнес салық реформасынан зардап шекпеуге тиіс.

    "Ондай жағдайдың алдын алу үшін үкімет кәсіпкерлермен сындарлы диалог жүргізуі қажет. Дегенмен экономикалық реформаларды мүлде тоқтатуға болмайды, қаншалықты қиын болса да, оң өзгерістерді міндетті түрде жүзеге асыруымыз керек. Әйтпесе, бәріміз жаппай құлдырауға ұшырауымыз әбден мүмкін.

    Мемлекет, бизнес және жалпы қоғам күш біріктіргенде ғана әділетті Қазақстанды құра аламыз. Еліміз еңсесін тіктеді, аяғына нық тұрды. Экономикада оң қарқын байқалады. Халықаралық қаржы институттары тарапынан жоғары несие рейтингін иеленуде.

    Экономика дамуының негізгі көрсеткіші – халықтың әл-ауқаты мен тұрмыс сапасының артуы. Бұл – менің берік ұстанымым", - деді мемлекет басшысы.

    Тоқаев алдағы уақытта шағын және орта кәсіпті қолдау үшін басқа да шаралар қабылданатынын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.