jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Кәсіпкерлерге өндіріске арналған тауарлардың импорты үшін ҚҚС төлеуді кейінге қалдыру мүмкіндігі берілмек

    Салық есептеп отырған адам
    Салықтарды есептеп отырған адам. Иллюстрациялық фото: krisanapong detraphiphat/Getty Images

    Қаржы министрі Мәди Такиев үкімет отырысында микро және шағын бизнесті қолдау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Министр жаңа Салық кодексінде қолдау көрсетудің маңызды тетігі қарастырылып отырғанын атап өтті.

    Ол бойынша 1,5 мың АЕК-ке дейін (шамамен 6,5 млн теңге) борышы бар салық төлеушілер үшін мүлкін кепілге қоймай-ақ және банктің кепілдігінсіз берешегін 1 жылға дейінгі мерзімге кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу мүмкіндігі қолжетімді болады.

    "Бұл бюрократияның азаятынын білдіреді, кепілді бағалау мен сақтандырудың қажеті жоғалады, бөліп төлеуді рәсімдеу мерзімі қысқарады. Бір деңгейдегі мониторингке қатысушылар үшін бөліп төлеу 12 айға дейінгі мерзімге кепілсіз және кепілдіксіз беріледі", - деді Мәди Такиев.

    Сондай-ақ ол өндіріс субъектілері үшін өнім өндіруге арналған тауарлардың импортына ҚҚС төлеуді бір жылға дейінгі мерзімге кейінге қалдыру мүмкіндігі қарастырылғанын айтты.

    Кәсіпкерлерге өндіріске арналған тауарлардың импорты үшін ҚҚС төлеуді кейінге қалдыру мүмкіндігі берілмек

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.