jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Қазақстанда салық берешегін өндіріп алу сомасының шегі көтеріледі

    Ақша
    Ақша. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

    Қаржы министрі Мәди Такиев үкімет отырысында шағын бизнесті шектен тыс әкімшілік шаралардан қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Министрдің айтуынша, елімізде салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу тәсілдері айтарлықтай өзгеріп жатыр.

    "Қолданылатын шаралар сай болуы үшін және азғантай сома үшін микро және шағын бизнеске қысым жасамау үшін біз салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу тәсілдерін айтарлықтай өзгертіп жатырмыз", - деді Мәди Такиев.

    Негізгі өзгеріс – ден қою шаралары басталатын шекті соманы арттыру. Егер бұған дейін салық берешегі шамамен 26 мың теңгеден немесе 6 АЕК-тен өндіріле бастаған болса, ал әлеуметтік аударымдар бойынша нақты шегі болмаған болса, енді салық берешегі бойынша шектік сома 87 мың теңгеге немесе 20 АЕК-ке дейін, әлеуметтік төлемдер бойынша 26 мың теңгеге немесе 6 АЕК-ке дейін көтеріледі.

    Қаржы министрлігінің мәліметінше, қазір әлеуметтік төлемдер бойынша берешек сомасының шегі болмағандықтан өндіріп алу шараларына көбінесе шағын бизнес тап болып отыр, борышкерлердің шамамен 72 пайызы 6 АЕК-ке дейінгі қарызы бар адамдар.

    Енді қабылданған шаралар түсінікті болып отыр:

    • 87 мың теңгеге немесе 20 АЕК-ке дейін – хабарлама жіберіледі де, тек өсімпұл есептеледі, басқа шара қолданылмайды;
    • 87 мыңнан 195 мың теңгеге дейін немесе сәйкесінше 20-дан 45 АЕК-ке дейін – хабарлама жіберіледі; өтелмеген жағдайда борыш сомасы көлемінде шығыс операциялары тоқтатылады, содан кейін ғана инкассалық өкімдер берілуі мүмкін;
    • 195 мың теңгеден немесе 45 АЕК-тен асқан жағдайда – анағұрлым қатаң шаралар қолданылады: мүліктер тізімге алынып, сатылуы мүмкін, өндіріп алу дебиторлар есебінен жүреді.
    Қазақстанда салық берешегін өндіріп алу сомасының шегі көтеріледі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.