jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ЖЖ
    Жанар Жансеит
    Бұрынғы қызметкер

    Таксистер жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, салық төлеуге қарсы шықты

    : UGC

    Семейлік полицейлер жаппай насихат жұмыстарын жүргізуге шықты. Автокресло орнатудан бөлек, тіркелмеген таксистер енді салық төлеуге де міндетті.

    Әнуар Баймұратов - күнделікті нәпақасын көлігімен жолаушы тасып табады. Онысы тұрақсыз.

    "Әсіресе жаңа жылдан кейін таксиге мінетіндердің саны мүлдем азайып қалады", -дейді. Ол аздай, клиенттердің көбі бүгінде үйінде отырып, арнайы такси қызыметтерін шақыртады.

    Салдарынан, таңнан кешке дейін сабылып жүріп 2 мың теңгені әрең табатынын айтады. Сондықтан ол таксистердің салық төлеуін қолдамай отыр.

    "Жалпы жұмыс болса төлеуге болады. Бірақ қазір жұмыс жоқ қой. Қазір мүлдем кісі аз. Көбі қоңырау шалып жүреді", - дейді таксист Әнуар Баймұратов.

    Ал заң жүзінде тіркелген такси мекемелері керісінше бұған қуанып отыр. "Клиенттерді көшеден алып кете беретін жүргізушілердің де салық төлеуі керек", -дейді. Айтуларынша, осылай нарықтағы заңсыз бәсекелестерінен құтылмақ.

    "Өткен жылы көліктік бақылау комитеті бізді жол полициясының бақылауына берген еді. Енді жеке кәсіпер болып тіркелмеген заңсыз такси қызметтерімен бірігіп күрес жүргіземіз. Мемлекетке салық төлеу- жасырын қызметін дөңгелетіп отырғандармен күресуге жақсы мүмкіндік", - дейді  таксопарк директорының орынбасары Мұрат Ширяев.

    Қазіргі таңда Семейде жолаушы тасымалымен айналысатын заңды 13 такси қызметі бар. Ал тіркелмегендердің қанша екені белгісіз. Оны анықтау да мүмкін емес.

    "Үгіт насихат іс-шарасы жүріп жатыр.  Бұдан былай тіркелмегендерге айыппұл салынады", - дейді  Семей қалалық ІІБ Жол техникалық инспекция бөлімінің бастығы Нұртуған Қалиев.

    Таксистер арасындағы үгіт-насихат жұмыстары осы айдың соңына дейін жалғаспақ. Содан соң,  полицейлер жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, салық төлемегендерді жаппай жазалауға көшеміз деп отыр. Айыппұлдың көлемі 10 мың теңге шамасында болмақ.

    Таксистер жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, салық төлеуге қарсы шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.