Қаржы

Зектілері

Алматыдағы дауыл салдарынан автокөлік иелеріне келген шығын көлемі қандай

Жарияланған күні:

Үстіне ағаш құлаған автокөлік
Көрнекі сурет: pexels.com

Алматыда 7 сәуірде болған дауыл салдарынан қала тұрғындарының жеке мүлкіне нұқсан келді. Әсіресе, автокөліктерге келген шығын көп. Оны өтеудің жалғыз жолы – КАСКО сақтандыру полисі.

Алматыда 7 сәуірде қатты дауыл болды. Нөсер жауын жауып, найзағай ойнады. Ұйытқыған жел ағаш бұтақтарын сындырып, металл құрылғыларының ауыр бөліктерін ұшырып әкетті.

Зенков-Құрманғазы қиылысы жанында үлкен ағаш жолда тұрған көліктің үстіне құлаған. Автокөліктің ішінде және оның жанында ешкім болмаған. Бірақ, көліктің өзіне едәуір нұқсан келді. Оны әлеуметтік желіде тараған фото және бейнеден көруге болады. Көлік КАСКО бағдарламасы бойынша сақтандырылмаса, оның иесіне жөндеу жұмыстарына ірі сома төлеуіне тура келеді. Ал сақтандыру полисі бар болса, КАСКО табиғи апат салдарынан келген шығынды өтейді. Ол үшін сақтандыру компаниясына нұқсан келген көліктің фото мен бейнесін көрсетіп, Қазгидрометтен анықтама алу керек.

Үстіне ағаш құлаған көлік
Фото: Юлия Новикова

FIT SERVICE халықаралық автосервис желілерінің Қазақстандағы өкілдігінің мәліметтері бойынша, автокөліктерді жөндеу жұмыстарының бағасы өткен жылмен салыстырғанда орташа деңгейде 16 пайызға өскен. Соған байланысты, қазір автокөлікті түбегейлі жөндеу үшін кем дегенде 750 000 теңге қажет. Ал КАСКО-мен құны 5 миллион теңге болатын автокөлікті сақтандыру құны жылына шамамен 175 000 теңге болады.

Қолда бар мәліметтерге сәйкес, Алматыда дауыл кезінде 28 ағаштың құлау фактісі тіркелген. "Таугүл" шағынауданында қатты жел тұрғын үйдің шатырын ұшырып әкетіп, бір құрылыс қоршауы құлап түсті.

Үстіне ағаш құлаған көлік
Фото: Юлия Новикова

Бұл Алматыда болатын көктемгі нөсер жауын мен найзағайлардың басы ғана. Мұндай табиғи құбылыстар маусым айында да болады. Мұнымен қоса, Қазақстанның барлық дерлік аумағында қолайсыз ауа райы болады деген мәлімет бар.

Синоптиктер еліміздің 17 облысында нөсер жауын, найзағай мен қатты жел болатыны жайлы алдын-ала хабарлады.

Үстіне ағаш құлаған көлік
Фото: Юлия Новикова

Төтенше жағдайлар департаменті қолайсыз ауа райы кезінде, электр тасымалдау желілерінің тұтастығына назар аударып, автокөліктерді ағаштардың астында немесе әлсіз орнатылған қоршаулардың жанында қалдырмауды сұрайды. Ал, темір тұлпарыңыз әлі бірнеше жыл сізге қызмет етсін десеңіз, КАСКО полисі өте тиімді шешім. Алматыда болған қатты дауыл секілді табиғи апаттар салдарынан келген шығынды сақтандыру полисі өтейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/insurance/2234468-almatydagy-dauyl-saldarynan-avtokolik-ielerine-kelgen-shygyn-kolemi-qandai/