Қаржы

Зектілері

КАСКО және азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру: айырмашылығы қандай және ерікті сақтандыру не үшін қажет

Жарияланған күні:

Жолдағы автомобильдер
Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Әрбір автокөлік иесі өз көлігін сақтандыруға міндетті. Ол бұрыннан белгілі. Бірақ сақтандырудың екі түрі бар екенін бәрі бірдей біле бермейді. Олар: азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру және КАСКО. Екеуі де автокөлік иелерін қорғауға бағытталғанымен, әрқайсының талап пен мақсаттары әртүрлі. Сонымен азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру мен КАСКО-ның айырмашылықтарын саралап көрейік.

Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру деген не?

Егер сізде азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру болмаса, онда сізге көлік айдауға болмайды. Қазақстандағы әрбір автокөлік иесінде сақтандыру полисі болуы қажет. Бұл заң талабы.

Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандырудың мақсаты – үшінші тұлғаларды жол-көлік оқиғасы салдарынан келуі мүмкін залалдан қорғау. Егер сіз ЖКО-на кінәлі болсаңыз, сіздің азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыруыңыз зардап шеккен адамдардың еміне және олардың мүлкіне келген шығынды өтеуге жұмсалады. Бірақ мұнда бір шектеу бар: азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру бойынша алуға болатын сома – 600 АЕК, яғни 2 359 000 теңге. Бұл 2025 жылға белгіленген сома.

Мұнымен қоса, азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру сіздің жеке көлігіңізге келген шығынды өтемейді. Яғни, абайсызда көлік апаты бола қалса, оның үстіне КАСКО сақтандыруыңыз болмаса, көлігіңізді өз қаржыңызға жөндейсіз деген сөз.

КАСКО деген не?

КАСКО — қорғаныстың кең аясын қамтитын ерікті сақтандыру. Ол ЖКО, ұрлық, табиғи апаттар, вандализм және тағы басқа оқыс жағдайлар салдарынан келетін шығынды өтейді. КАСКО-ның азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандырудан айырмашылығы: егер автокөлік жоғалып қалса немесе оған зақым келсе, шығын өтеледі. Көлік иесі бұған толық сенімді бола алады.

Мұнымен қоса, өтемақы көлемі автокөлік бағасымен бірдей болуы мүмкін. Тек франшиза құны шегеріледі (көлік құнынан 1% бастап 10% дейін). Мысалы, осы жылдың ақпан айында Алматыда КАСКО сақтандыруы бар Мерседес көлігі жүргізушісінің кінәсінен жол-көлік апаты болып, авто иесі сақтандыру компаниясынан 11 миллион теңгеден астам өтемақы алды.

КАСКО мен азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру айырмашылықтарі
Сурет: "2Б Эдженси" ЖШС

КАСКО не үшін қажет?

КАСКО мен азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандырудың тағы бір маңызды айырмашылықтары:

  • Көлікті айдап әкету. Егер сіздің көлігіңізді айдап әкетсе, азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру келген шығынды өтемейді. Өйткені, сақтандырудың бұл түрі тек үшінші тұлғаларға келген залалға ғана жауапты. Ал КАСКО заңсыз айдап әкеткен көліктің немесе айна, дөңгелек және т.б ұрланған заттардың құнын өтейді. Мысалы: өткен жылдың соңында Астанада белгісіз біреулер құны 16,3 миллион теңге болатын жаңа KIA көлігін айдап әкетті. Машина әзірге табылған жоқ. Бірақ оның иесі КАСКО бойынша 14 760 000 теңге көлемінде сақтандыру өтемақысын алды.
  • Табиғи апаттар. Егер су тасқыны, бұршақ немесе басқа да табиғи апат салдарынан сіздің автокөлігіңізге нұқсан келсе, азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру көмектесе алмайды. Өйткені, бұл сақтандыру мұндай жағдайлар салдарынан келген залалды өтемейді. КАСКО керісінше, табиғи апаттардан келген зардапты өтей алады. Мысалы, мұз сүңгілерінің құлауын табиғи апатқа жатқызуға бола ма? Осы жылдың ақпанында Ақтауда KIA Sportage машинасына мұз сүңгісі құлап, төбесін сындырып, алдыңғы әйнекті жарған. КАСКО сақтандыру полисі бойынша өтемақы сомасы екі жарым миллион теңгені құрады.
  • Вандализм. Егер сіздің автокөлігіңізді бұзақылар тырнап, бояумен бүлдіріп немесе басқа да нұқсан келтірсе, азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру шығынды өтемейді. Ал КАСКО мұндай әрекеттердің салдарына өтемақы төлейді.
  • Өрт. Автокөлігіңіз жартылай немесе тұтас жанып кетсе, азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру көмектесе алмайды. Өйткені, бұл жағдай үшінші тұлғаларға келген шығынмен байланысты емес. КАСКО керісінше тілсіз жаудан келген шығынды өтеп береді.

Жолда келе жатқан автокөлікке нұқсан келтіретін әрі ең жиі болатын оқиға – алдыңғы әйнекке тастың тиюуі. КАСКО бұл шығынды да қамтиды.

Осыдан-ақ, азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандырумен салыстырғанда, КАСКО-ның қорғаныс аясының кең екеніне, көлік иелеріне тиімді тұстары көп екеніне көз жеткізуге болады.

Сонда не тиімді: бір әлде екі сақтандыру ма?

Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру – әрбір автокөлік иесіне міндетті. КАСКО-ны тұтынушы өз қалауымен ғана, қосыша сақтандыру ретінде рәсімдей алады. Бірақ ол азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандырудың орнына жүрмейді.

Әдетте, автокөлікті несиеге немесе лизинг бойынша алған жүргізушілерде азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру және КАСКО полисі де болады. Өйткені, қаржылық мекемелер өз мүдделерін қорғау үшін КАСКО полисін алуды талап етеді. Сондай-ақ қымбат көліктер иелері де бірден екі сақтандыру түрін рәсімдейді. Бәлкім, сол себепті көп адам КАСКО тек жаңа және қымбат көліктерге ғана қажет деп ойлайды.

Ал негізінде олай емес. Қазір нарықта түрлі қаржылық мүмкіндіктерге сай сан-алуан бағдарламалар бар. Мейлінше тиімді бағдарламалар ЖКО түскен, жасы 20 жылға дейінгі көліктерді сақтандыруға мүмкіндік береді. Көлік иесі кінәлі болғанда да, өтемақы төленетін сақтандыру бағдарламалары бар. Олардың бағасы жылына 30-40 мың теңгеден басталады.

Осылайша, екі полисті де рәсімдеу сіздің көлігіңізбен қатар, денсаулығыңыз бен қаржылық жағдайыңызды қорғауға көмектеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/insurance/2237118-kasko-zhane-azamattyq-quqyqtyq-zhauapkershilikti-mindetti-saqtandyru-aiyrmashylygy-qandai-zhane-erikti-saqtandyru-ne-ushin-qazhet/