jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    "Тарихта болмаған": Қарағұсова атаулы әлеуметтік көмек алатындардың санына шүйлікті

    : Depositphotos

    Нұр-Сұлтанда парламент мәжілісінде 2019 жылға арналған республикалық бюджетке нақтыланған заң жобасының таныстырылымы өтті. Отырыс барысында депутаттардың бірі 2 миллионға жуық қазақстандықтың әлеуметтік жәрдемақы алатынына наразылық білдірді деп жазады Zakon.kz порталына сілтеме жасаған

    KAZ.NUR.KZ.

    Гүлжан Қарағұсова. Фото: Parlam.kz
    Гүлжан Қарағұсова. Фото: Parlam.kz: Depositphotos

    Қазақстанда елдегі аз қамтылған отбасыларға арналған атаулы әлеуметтік көмек мәселелерін талқылау жалғасуда.

    Парламент мәжілісінің депутаты Гүлжан Қарағұсова атаулы әлеуметтік көмек туралы және мемлекеттен жәрдем алатын ел тұрғындарының санына қатысты пікір білдірді. Оның ойынша, көрсеткіш тым жоғары.

    Маман 2007 жылмен салыстырғанда аталған көрсеткіш төрт есеге өскенін айтты. Қазіргі таңда көмекті 2 млн қазақстандық алады екен. Ал жалпы бар-жоғы 8 млн халық жұмыс істейді.

    "Бұл бізде бұрын-соңды болмаған оқиға. Қазақстан тәуелсіздігі тарихында атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны ешқашан осыншалық болмаған", - деді Қарағұсова.

    Депутат 2007 жылы елдегі экономикалық жағдай әлдеқайда төмен болғанын, "жұмыс орны мен ақша болмағанын" атап өтті.

    Ол кездері оқыту, қайта даярлау және микрокредиттер беруге бағытталған мемлекеттік бағдарламалар жасала бастады.

    Сонымен қатар Карағұсова елде жалақы үнемі өсіп отыратындығын хабарлады.

    "Не болды? Осының бәріне кім жауап береді? Осы себепті маған, жұмыс тобына есептерді әкеліңіз: 1. "Жұмыспен қамту" деп аталатын бағдарламаларға қанша қаражат жұмсалды, оның тиімділігі туралы біз бірнеше рет сұрақ қойдық; 2. Осы уақыт аралығында қанша микрокредит берілді. Анализді біз өзіміз жасаймыз", - деді депутат.

    "Тарихта болмаған": Қарағұсова атаулы әлеуметтік көмек алатындардың санына шүйлікті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.