jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстанда ТЖ кезіндегі 42500 теңге жәрдемақы кімдерге төленеді

    : Original

    Ақпарат және әлеуметтік даму министрі Дәурен Абаев төтенше жағдай кезінде жәрдемақының кімге және қалай төленетінін айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

    Көрнекі фото: NUR.KZ
    Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

    Абаевтың сөзінше, төтенше жағдай уақытында жәрдемақы жалақысы төленбейтін еңбек демалысына шығуға мәжбүр болған еліміздің тұрғынына төленеді.

    Бір жұмысшы үшін әлеуметтік төлемнің мөлшері ең төменгі бір жалақыға немесе айына 42500 теңгеге тең.

    Белгілі болғандай төлем мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан өтеледі.

    "Жаңа әлеуметтік төлемді тағайындау үшін жұмыс беруші жұмыспен қамту жөніндегі жергілікті органға жүгінуі тиіс. Өзімен бірге төтенше жағдайға байланысты жұмысшыларының табысынан айырылғанын растайтын құжаттары болуы керек", - деді Абаев.

    Сонымен қатар төтенше жағдай енгізілген датаға дейінгі соңғы 12 айдың кемінде үш айында жұмысшы үшін МӘСҚ-ға аударым жасалуы тиіс.

    Айта кетейік, әлеуметтік төлем тек орта, шағын және микробизнес жұмысшыларына ғана қатысты.

    Әлеуметтік төлем жұмысшыға төтенше жағдай режимі аяқталғанға дейін төленеді.

    Ал жұмыстан шығарылған ел тұрғындары жұмыстан айырылуына байланысты бір айдан алты айға дейін әлеуметтік төлем алады. Төлем соңғы 24 айдың ішіндегі табыс пен міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты болады.

    Жұмыссыз қалған азаматқа мемлекеттік қордан жоғалтқан табысының 40% көлемінде жәрдемақы төленеді.

    Ол үшін халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркелу үшін және жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алуға өтініш беру керек. Төлем автоматты түрде іске асырылады.

    Егер азамат жұмыссыз ретінде тіркеліп қойса, әлеуметтік төлем тағайындауға өтінішті "электронды үкімет" веб-порталы арқылы беруге болады.

    Елімізде соңғы мәліметтерге сәйкес, COVID-19 коронавирустық инфекциясы 88 адамнан анықталып отыр.

    Бүгін олардың екеуі сауығып, ауруханадан шығады.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    Қазақстанда ТЖ кезіндегі 42500 теңге жәрдемақы кімдерге төленеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.