jitsu gif
Қаржы

    Бір млн теңгеден асатын табысы бар азаматтар да 42,5 мың теңге алу үшін өтініш берген

    : Original

    Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі онлайн брифинг барысында 42,5 мың теңге алу үшін кімдердің өтініш жазғанын айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

    Көрнекі фото: NUR.KZ
    Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

    Оның айтуынша, бүгінгі таңда 938 мың адамнан 1 284 000 өтініш түскен.

    Министр бір адам бірнеше рет өтініш бергенін жеткізді.

    "Мүмкін қателесіп, жаңылысып жіберген боларсыздар. Бірақ (2-3 рет өтініш берсем, 42 500 теңгені 2-3 рет аламын" деп ойласаңыз – қателесесіз. Ақпараттық жүйе оның бәрін тексеріп, реттеп алады", - деді Нұрымбетов.

    Ол өтініш берген адам төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылғанын растайтынын алға тартты.

    "Өтініш берген кезде порталдың астыңғы жағында "Мен жұмыс істеп жүріп, төтенше жағдайға қатысты табысымнан айырылғанымды растаймын және өзіме жауапкершілікті аламын" деген сөз бар. Сіз ол жолдарды оқыдыңыз, ал біз сізге сендік дегенді білдіреді. Мұны не үшін айтып отырмыз? Бұл төлемді соған мұқтаж адамдар алса деген ниетіміз бар.

    Жұма, сенбі күндері алғашқы 412 мың адамнан өтініш қабылдаған кезде біз тексеріс жасап көрдік. 1873 адам өтініш берген, бірақ ақпараттық жүйе арқылы тексеріп едік, олар қаңтар, ақпан, наурыз айларында орта есеппен 500 мың -1 млн теңгеден астам табыс алған азаматтар екені анықталды. Бұл – дұрыс емес, сіздерге 42 500 теңге төленбейді", - деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов.

    Еске сала кетейік, елімізде 42 500 теңге көлемінде берілетін әлеуметтік көмекті алатындар санаты кеңейгенін хабарлаған едік.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    Бір млн теңгеден асатын табысы бар азаматтар да 42,5 мың теңге алу үшін өтініш берген

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.