jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    "42500-ді қайтарудың қажеті жоқ": Министр маңызды мәлімдеме жасады

    : UGC

    Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 42,500 теңге әлеуметтік төлемді алғаны үшін азаматтарды жазалау тақырыбын жабуды сұрады. Біржан Нұрымбетов ешкімді жауапкершілікке тартпайтынын айтып, мемлекетке ақшаны қайтарудың қажеті жоқ екенін жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

    Көрнекі фото: NUR.KZ
    Көрнекі фото: NUR.KZ: UGC

    Министр Біржан Нұрымбетовтен саясаттанушылардың бірі "42,500 теңге қайтаруды тоқтатқан дұрыс" деген сөзіне түсініктеме беруді сұраған.

    Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұған толық келісетінін, бірақ министрлік ақшаны қайтаруды бастамағанын білдірді. Оның айтуынша, бұл дұрыс емес.

    "Соңғы 4-5 күн бойы әлеуметтік желілерде, қоғамда "42 500 теңге алғаны үшін қылмыстық тұрғыда жазалайды екен" деген әңгіме көп таралып жатыр. Біз бәрін қарап шықтық", - деді ол.

    Нұрымбетов әлеуметтік төлем алғаны үшін ешкім жазаға тартылмайтынын кесіп айтты.

    "Бірде-бір адам 42 500 теңге алғаны үшін, тіпті жіберген қателігі үшін қылмыстық жазаға тартылмайды. Оған негіз жоқ. Осыған нүкте қояйық. Ешкім жауапкершілікке тартылмайды. Біз ешкімді тексермейміз. Себебі бұл - әлеуметтік төлем. Бұл - әлеуметке бағытталған төлем",- деді ол.

    Осы орайда, министр мемлекетке ақшаны қайтарудың қажеті жоқ екенін жеткізді.

    "Ешкім төлем алуға құқылы азаматтардан ақшаны қайтаруды талап етпеді. Тағы еске салайын - ешкімге ақшаны қайтарудың қажеті жоқ. Қазір тек жалақысынан айырылмаған, ақысыз еңбек демалысына шықпаған жалдамалы жұмысшылардан ғана қайтару-қайтармау мәселесі туындап отыр", – деді Нұрымбетов.

    Еске сала кетсек, еңбек және халықты әлеуметті қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42500 теңге алғандардың жауапкершілігі туралы айтып берді.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    "42500-ді қайтарудың қажеті жоқ": Министр маңызды мәлімдеме жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.