jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Депутаттар мүгедек баласы бар ата-аналарға жалақы төлеуді ұсынды

    : Depositphotos

    Мәжілісте "Халық коммунистері" фракциясының депутаттары мүгедектігі бар отбасы мүшесін бағып отырған ата-анаға немесе қамқоршыға әлеуметтік қызметкер мәртебесін беріп, жалақы төлеуді ұсынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап хабарлайды.

    Депутаттар мүгедек баласы бар ата-аналарға жалақы төлеуді ұсынды
    Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

    Үкімет басшысына жолданған депутаттық сауалда мәжілісмен Магеррам Магеррамов мүгедек жандары бар отбасы мәселесін қозғады. 

    "Негізінен, олар әйелдер. Арасында мүмкіндігі шектеулі жақындарына қарап отырған жалғызбасты аналар аз емес. Көп жағдайда олар осы себептен де тұрақты жұмысқа орналаса алмайды", - деді Магеррамов. 

    Айтуынша, олардың жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысуға мүмкіндігі жоқ, сондықтан зейнетке шыққанда, тек ең төменгі базалық зейнетақыны місе тұта алады. 

    Депутаттың ақпаратынша, биыл ең төменгі базалық зейнетақы 17 641 теңгені құрайды.  

    "Осыған байланысты біз мүгедектігі бар кәмелетке толған немесе ересек отбасы мүшесін күтіп-бағатын ата-анаға немесе қамқоршыға әлеуметтік қызметкер мәртебесін беруді ұсынамыз. Тиісінше олар әлеуметтік қызметкер ретінде жалақы алып, міндетті зейнетақы жарнасын аударады", - деді мәжілісмен. 

    Депутаттардың пікірінше, бұл мұндай азаматтарға жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысып, қартайғанда жоғары зейнетақы алуға мүмкіндік береді.

    Айта кетейік, коммуналдық қызмет шығындарын өтеу ережесінде жалдамалы пәтерде тұратындарға жеңілдік қарастырылмаған. Бұл туралы Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Әсет Масабаев айтты.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

    Депутаттар мүгедек баласы бар ата-аналарға жалақы төлеуді ұсынды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.