jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Жұмыс беруші 42500 теңгеге өтініш бермеген жағдайда қайда шағымдану керек

    : Original

    Жұмыс беруші жұмысшыларға тиісті 42500 теңгеге өтініш бермеген жағдайда қайда шағымдану керек? Бұл сұраққа Алматы қалалық Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлы онлайн брифинг барысында жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Жұмыс беруші 42500 теңгеге өтініш бермеген жағдайда қайда шағымдану керек
    Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

    Бұл жолы 42500 теңге әлеуметтік төлем алуға өтінішті жұмысшылар емес, жұмыс берушілер жолдайды. Ал егер басшы өтініш бермей, еңбек құқығын бұзған жағдайда не істеу керек?

    "Егер еңбек заңнамасын бұзу фактілері болса және жұмыс беруші өз қызметкерлерінің тізімін беруден бас тартса, шектеу шараларына байланысты қиын жағдайға тап болған және жалақысы сақталмайтын демалыста қалған азаматтар әлеуметтік әл-ауқат басқармасына жазбаша шағымдана алады. Мекенжайы: Қонаев көшесі, 22.
    Егер еңбек құқығы бұзылса, яғни, заңсыз жұмыстан шығарса немесе басқа да заңсыз әрекеттер жасаса, еңбек инспекциясына шағымдануға болады", - деді Әлкебайұлы.

    Ол жыл басынан бері 100-ге жуық тексеріс жүргізіліп, 117 еңбек заңнамасын бұзушылық анықталғанын, соған қатысты 73 ұйғарым жазылғанын айтты.

    "Президенттің тапсырмасы бойынша биыл шағын және орта бизнес субъектілерін тексеруге мораторий енгізілгені баршаға мәлім. Біз жұмысты түсіндіру сипатында жүргіземіз. Әкімшілік жазалар қолданылады. Барлығын тексермейді, тек азаматтардың өтініштеріне қарай ғана қаралады", - дейді шенеунік.

    Данияр Әлкебайұлының айтуынша, жұмыс берушіге шағым жасаудың нақты алгоритмі жоқ. Егер қызметкер еңбек құқығы бұзылған деп есептесе және төлем алуға тиіспін деп ойласа, онда өтінішті еркін үлгіде жазып, еңбек шарты болған жағдайда дәлел ретінде оны қоса ұсынса жеткілікті.

    Еске сала кетейік, бүгін 42500 теңгеге өтініштерді қабылдау басталды.

    Жұмыс беруші 42500 теңгеге өтініш бермеген жағдайда қайда шағымдану керек

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.