jitsu gif branding logo appbranding logo app
Қаржы

    "413,4 мың көпбалалы отбасы жәрдемақы алады": Нұрымбетов мәлімдеме жасады

    нұрымбетов
    Фото: NUR.KZ

    Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ведомствоның 2020 жылғы жұмысын қорытындылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

    "Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша COVID-19 пандемиясына байланысты кірісінен айырылған 4,6 миллион адам жалпы сомасы 476,1 миллиард теңгеге ең төменгі жалақы (42 500 теңге) мөлшерінде ай сайынғы төлем алды", - деп атап өтті Нұрымбетов.

    Сондай-ақ, төтенше жағдай және карантин кезеңінде жалпы сомасы 25 миллиард теңгеден астам қаржыға 1,1 миллионнан астам адамға азық-түлік, тұрмыстық жиынтықтар сатып алуға қосымша қолдау көрсетілген.

    "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасын және басқа да мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудың арқасында 1,2 миллион жұмыс орнын құруға және сақтап қалуға мүмкіндік туған.

    "Қосымша қолдау мақсатында зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері екі рет индекстелді. Базалық зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақылардың өсімі 2019 жылмен салыстырғанда 10% -ті ынтымақты зейнетақының өсімі 12% -ті құрады", - деп толықтырды министр.

    Ол 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап көпбалалы және табысы аз отбасыларды әлеуметтік қолдаудың жаңа тәсілдері енгізілгенін атап өтті. Бүгінгі таңда 413,4 мың көпбалалы отбасы ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алады, оның мөлшері отбасының табысына емес, балалардың санына байланысты болып келеді.

    "Табысы аз отбасылардың балалары үшін 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап кепілдік берілген әлеуметтік топтама енгізілді. Әлеуметтік көмектің бұл түріне 430 мың балаға алғаш рет 17,5 миллиард теңге қарастырылған", - деп түйіндеді Біржан Нұрымбетов.

    "413,4 мың көпбалалы отбасы жәрдемақы алады": Нұрымбетов мәлімдеме жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.