jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстанда табысы аз отбасыларға әлеуметтік қолдау қалай жүргізіліп жатыр

    теңге жапырқа
    Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов халыққа есеп беру кездесуінде табысы аз отбасыларды әлеуметтік қолдау туралы айтты деп жазады BAQ.KZ.

    Министр 2020 жылдан бастап Қазақстанда ашықтықты, әділдікті және өзара жауапкершілікті күшейту қағидаттарына негізделген атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа моделі іске асырылып жатқанын атап өтті.

    Яғни, соған сәйкес, тоқсан сайынғы өтініш, тағайындау критерийі – отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы орташа табыстың өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан кем мөлшері, балаларға арналған тіркелген төлемнің күші жойылды (еңбекке қабілетті адам жұмысқа орналасудан бас тартқан жағдайда барлық отбасы атаулы әлеуметтік көмек алу құқығынан айырылады).

    Атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдерін енгізу шеңберінде 4 және одан да көп баласы бар көпбалалы отбасыларға жәрдемақы және табысы аз отбасылардың балалары үшін кепілдік берілген әлеуметтік топтама енгізілген. 

    Серік Шәпкеновтың сөзінше, балалардың жасына байланысты әлеуметтік топтаманың екі түрі бар.

    Мектеп жасына дейінгілерге балалар тағамы және гигиеналық керек-жарақтар, мектеп жасындағы балаларға ыстық тамақ, мектеп киімі мен керек-жарақтары, жол жүру шығыстарын өтеу ұсынылады.

    Министрдің айтуынша, әлеуметтік топтама құрамын қалыптастыру кезінде денсаулық сақтау, білім беру мамандарының ұсынымдары, жұртшылықтың пікірі ескерілген.

    "2020 жылы 435 мың бала әлеуметтік топтама алды. Сонымен қатар 936 мыңнан астам адам немесе табысы аз 185 мың отбасы, оның ішінде 600 мың бала (64%), 73,5 мың көпбалалы отбасы атаулы әлеуметтік көмекке ие болды. Төлемдердің жалпы сомасы 88 млрд теңгені құрады", - деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

    Қазақстанда табысы аз отбасыларға әлеуметтік қолдау қалай жүргізіліп жатыр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.