jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    Медициналық сақтандыру жүйесін қаншалықты жақсы білесіз: NUR.KZ сауалнамасын назарға ұсынамыз

    Медицина
    Фото: istockphoto.com

    Қазақстандықтардың медициналық сақтандыру жүйесі туралы ақпаратпен қаншалықты таныс екенін және МӘМС мүмкіндіктері жөнінде не білетінін анықтау мақсатында NUR.KZ арнайы сауалнаманы назарға ұсынады. Медициналық сақтандыру бойынша қызметтерді қолданбайтын болсаңыз да, қалыс қалмаңыз. Біз үшін әр азаматтың тәжірибесі мен пікірі маңызды.

    Қазіргі таңда Қазақстанда шамамен 16 млн-нан астам адам МӘМС жүйесінде бар. Олардың барлығы медициналық көмектің базалық пакеті мен қосымша кеңейтілген сақтандыру пакеті бойынша да қызметтерді ала алады. МӘМС жүйесі елімізде үш жылға жуық уақыт жұмыс істеп келеді және барлық азаматтың медициналық және дәрілік көмек алуына кепілдік береді. Бұл ретте қатысушы ай сайын қанша аударым жасайтыны маңызды емес. Бастысы аударымдар тұрақты болса болғаны.

    Сауалнаманың мақсаты – қазақстандықтардың медициналық сақтандыру жүйесі бойынша сауаттарының деңгейін және тәжірибесі қандай екенін анықтау.

    Респонденттер бірнеше қарапайым сұраққа жауап беруі тиіс. Онда азаматтар медициналық сақтандыру бойынша қызмет алып көрді ме, жүйе жұмысында қандай да бір өзгеріс байқады ма, Медициналық сақтандыру қоры арқылы науқас құқығын қорғау мүмкіндіктері туралы біле ме деген сынды сұрақтар қамтылған. Сауалнама нәтижесі бөлек жарияланады және жүйе жұмысын жетілдіре түсуге септігін тигізбек.

    Медициналық сақтандыру жүйесін қаншалықты жақсы білесіз: NUR.KZ сауалнамасын назарға ұсынамыз

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.